«АБАЙ ӘУЕНДЕРІ»

Рухани жаңғыру
1 669 Views

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалықмақаласында: «Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары менҚұрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні сияқты ұлттықсалт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бірсөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс», – деп айқынкөрсетілген болатын.

Шымкент қаласындағы Хакім Абай музейінде «Абай әуендері» атты әдеби кеш өтті. Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың дүниеге келгеніне 174 жыл толуына орай ұйымдастырылған бұл іс-шараға жырсүйер қауым көп жиналды. Мақсат – Хакім Абайдың өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдері мен әндерін мәнерлеп орындау болатын.

Ақын Еділбай Көшербай әдеби кешті ашық деп жариялады. Жүргізуші қыз ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы қысқаша шолу жасады. Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Аққу Қонысбаеваның жетекшілігіндегі қалалық мектеп оқушыларынан құралған көркемсөз оқу курсының шәкірттері Абай өлеңдерін жарыса оқыды. Оларға қосылған Шымкенттегі №87 жалпы орта мектебінің оқушылары – Ақниет пен Шәмси Андасбековтер де өздерінің көркемсөз оқу шеберліктерімен көзге түсті. Ән-күйден шашу шашылды.

Басқосу барысында сондай-ақ мәдениет саласының майталманы Асқар Әлихан, ақын Дәркен Танабаев, Шымкенттегі Ұлттық ұлан 6698 әскери бөлімінің әскери қызметкері, аға лейтенант Ербол Отарбаев, тағы басқалар сөз сөйлеп, ұлы Абай мұрасының мәңгілікке жасай беретінін тілге тиек етті. Осылайша бұл кеш оған қатысушыларда мол әсер қалдырды.

Гүлжан БЕРКІНБАЕВА,

Хакім Абай музейінің аға ғылыми қызметкері.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *