АЛТЫН АЛМА, БІЛІМ АЛ!

Білім
509 Views

Шымкент университетінде Бизнес және басқару кафедрасында білімді, креативті, заманауи, нарықтық экономикаға бейімделген қаржы, экономика, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару білім беру бағдарламалары бойынша жоғары дәрежеде мамандарды даярлайды.

Университет білім алушылары үшін, білікті, атақты, профессор-оқытушылар жаңа техника және технология, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы лекциялық және практикалық дәрістерді жоғары дәрежеде өтеді. Кафедра оқу барысында пайдаланатын мультимедиялық қондырғылар, компьютерлер, проекторлар және т.б. техникалармен толып жабдықталған.

Білім алушылар кәсіби практика барысында мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелерде, басқармаларда, әкімшіліктерде, коммерциялық банктерде, микрокредиттік ұйымдарда, сақтандыру компанияларда, ЖШС-де және де т.б. орындарда теориялық білімдерін практикалық біліммен ұштастырып, дайын маман ретінде қалыптасады.

6В04101 – Экономика, 6В04102 – Есеп және аудит, 6В04103 – Қаржы, 6В04104 – Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтарды игеру үшін қолайлы жағдай жасалған, 1С бухгалтерия дәрісханасы, арнайы пәндер дәрісханаларымен, кітапхана қорымен, Интернет класстармен  жабдықталған.

Бизнес және басқару кафедрасының студенттері болашақта зор үміт күттіретін маман иегері болып табылады. Қаржы, банк, сақтандыру және инвестициялық технологияларды ұйымдастыру сферасында жұмыс істеуге дайын кадр оқытылады.

Өз кәсіби қызметін, сол сияқты ұлттық экономиканың барлық салаларындағы зерттеушілік, инновациялық, жобалық, кеңесшілік қызмет.

Нақты кәсіпорынның қаржылық және ақша-несие институттардың қаржысын ұйымдастыру, жоспарлау және басқару.

Кәсіби іс-тәжірибе барысында, оң нәтиже көрсеткен білім алушылар сол мекеменің басшылар тарапынан жұмысын әрі қарай жалғастыруға ұсыныс алды.

2018-2019 оқу жылында Өзбекстан мемлекетіне, Ташкент және Самарқанд қалаларына Өзбекстан Республикасындағы Қазақстан жылы жариялануына байланысты, өнер, ғылым, білім насихаттау мақсатында университет тарапынан ұйымдастырылған делегациямен үлкен іс-шаралар өткізілді. Делегацияны басқарған университетіміздің тәрбие ісі жөніндегі проректор Ғ.Битурсын мырза мен Бизнес және басқару кафедрасының меңгерушісі э.ғ.к. М.Сергазиева.

2020-2021 жылдары ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет басқару академиясының қолдауымен «Эмоционалды интеллект» және «Ойлау дизайны» (лекторлар: Ж.Сариева – аға оқытушы, З. Құдайбергенова – э.ғ.к., аға оқытушы) тақырыптарында студенттердің шығармашылық және креативті дағдыларын дамытуға ықпал еткен 2 онлайн-тренинг өткізілді. 2022 жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Зиат» ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ғылыми көзқарас: идеялар, зерттеулер және инновациялар» атты студенттер мен магистранттардың IV Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауында э.ғ.к., кафедра меңгерушісі М.Сергазиеваның жетекшілігімен студенттер Қалдар А., Төребек Н. Махсаткулова М. 1-дәрежелі дипломмен марапатталды.

«Бизнес және басқару» кафедрасының жанында, 66 студент жұмылдырылған «Экономика көшбасшылары» студенттік ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Бұл үйірменің қызметі студент жастардың ғылыми және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған. Ғылыми дағдыларды, сыни ойлауды, өзін-өзі танытуды дағдыландыру. Оқытушылар басшылығымен студенттер пікірталастар, тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырады, осылайша олардың жеке, кәсіби, әмбебап құзыреттерін дамытады.

Үйірме студенттері Орталық-Азия инновациялық университеті Бухгалтерлер кәсіби мекемесі «Бухгалтер ассоциясымен» бірігіп 2022 ж. сәуір айында өткен «Есеп және аудит» білім беру бағдарламасы бойынша өткен Халықаралық университет аралық пәндік олимпиадада 17 команданың ішінен 2 орынға ие болды. Марапаттары құтты болсын!

М. Р. СЕРГАЗИЕВА,

Шымкент университетінің Бизнес және басқару кафедрасының меңгерушісі экономика ғылымдарының кандидаты

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *