АТАҚТЫ АКАДЕМИК – АКАДЕМИЯЛЫҚ КІТАПХАНАДА

Білім мәдениет
529 Views

Жақында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында «Шора Сарыбаев тағылымы» атты ғылыми-практикалық конференция өтіп, іс-шарааясында «ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Шора Шамғалиұлы Сарыбаев атындағы оқу залы» салтанатты түрдеашылды.

Ғылыми жиынға ҚР Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдар өкілдері, М.Жолдасбеков, Д.Мыңбай, Ә.Рахымжанов, Қ.Иса, Ұ.Есдәулет, С.Қасқабасов, У.Қалижан, Б.Омаров, Е.Омаров, К.Құрманәлиев, Ш.Құрманбайұлы, Д.Қыдырәлі, А.Фазылжанова сынды қоғам қайраткерлері мен ҚР ҰҒА академиктері, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлары, докторанттар мен магистранттары қатысты.

Алқалы басқосуды осы ірі шараның өтуіне белсене атсалысқан ҚР ҰҒА академигі, ҚР Бас редакторлар клубының мүшесі, профессор Кәрімбек Құрманалиев жүргізіп отырды.

Еліміздің ғы­лымы мен біліміне өлшеусіз үлес қосып, отандық тіл ғылы­мының халықаралық дең­гейде танылуына, түркі дү­ниесінде өзіндік орын алуы­на елеулі еңбек сіңірген акдемик Ш­ора Сары­баевтың тағылымдық-та­­ным­дық еңбектері мен ғиб­ратты ғұмырын бола­шақ ұр­паққа үлгі-өнеге. Біртуар ғалымның өмірі мен шығармашылық қызметі ғылым жолына түскен әрбір талапкерге темірқазық деуге әбден болады.

Ш. Сарыбаевтың ұлы, белгілі дипломат Қайрат Шораұлы Сарыбай әкесінің ғұмыр бойы жинаған 5000-нан астам қазақ тіл білімінің диалектология, морфология, лексикология, лексикография, библиография, тіл тарихы, аударма, есімнама, т.б. салаларына арналған ғылыми зерттеу еңбектер кітаптарды Ұлттық академиялық кітапхана қорына тарту етті.

Академик Шора Сарыбаев кітапханасының ордалы ғылыми мекемеге сыйға тартылуы отандық деңгейдегі ерекше рухани-мәдени оқиға болды.

Арайлым ӘМІРБЕКҚЫЗЫ,

ЕҰУ-нің студенті

Нұр-Сұлтан қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *