БАБАЛАР ТАРИХЫ – АСЫЛ ҚАЗЫНА

Әдебиет
1 425 Views

Алматыдағы «Жамбыл» баспасынан үлкен, қалың және әсем безендірілген энциклопедиялық том кітап шыққанына куә болдық. Бұл Елбасымыздың жолға қойған«Рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» аталатын бағдарлама – ұлттың рухани дәуірлеуіне нағыз жол аша түскен бірден-бір өркениетті сара жол-жорық болыпотыр. Мақала тақырыбы болып көрсетілген «Ақ тулы Сіргелі Жабай батыр» аталғанқастерлі кітаптың көркем көрініспен жарық көруінің өзі еліміз өмір кешкен Ұлыдаланың көркем бейнесі деп білеміз. Тарих керуеніне келіп қосылған ұлттықбейнеміз! Кітапты құрастырып, әйгілі баспадан шығарушы Қазақстан ЖазушыларОдағының Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, қоғам қайраткері, жазушыНағашыбек Қапалбекұлы бауырымыз екен. Барлық кезде жақсы істің басы-қасындажүретін Нәкең Сіргелі Жабай батырдың өмір сүрген кезеңін, әсіресе батырлықболмысын күні бүгінге дейін ел аузында, ұрпақтарының жадында жүргенін дәлелдіаңыздарға және кейбір жазба деректерге сүйене отырып, батыр бейнесін діттегенжерден шығарған. «Мың адам жемеген қамыңды, бір адам жейді», «Бір кісі қазғанқұдықтан, мың кісі су ішеді» немесе «Мыңды айдаған бай бұйырғанын ғана жепүлгереді, мыңның қамын ойлағанның өз ішіндегісін кім біледі» деген нақылияттаросы Накеңнің – Нағашыбек мырзаның еңбексүйгіштік қасиетіне арналғандай. «Мыңкүндік сапар бір күннен басталады» десе, ол тағы осы Н.Қапалбековтің қолкөтерместей үлкен томды нөлден бастап өз ұлтына, соның ішінде Сіргеліұрпақтарына кәделі олжа ретінде ұсынуы ерлік және де құдайшылық белгінібілдіреді. Көше алмастай бай болғаннан гөрі сауапкершіліктің үлкені осы депбілсек болады. «Мың жолдас жақсы, мың жолдастың ішінде бір жолдас жақсы» десең,тағы сол Н.Қапалбековке тіреледі. «Ер – мың күнде бір кісілік болғанмен, біркүнде мың кісілік» десең, бұл да кітап авторының жемісті еңбегіне айғақ.

Осылай дей келе (осы томнан алған үлесіме сүйеніп), мен аты үлкен тайпа, әйгілі Сіргелі баба рухынан және сол Сіргелі баба ұрпақтарынан төмендегі себеппен бас иіп кешірім сұраймын, қабыл көріңіздер. Мен 1972 жылы жасым 30-ға толмай тұрып, Талдықорған (қазіргі Алматы) облыстық Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің 15 жылға жер аударуы бойынша Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе» кеңшарына айдалған едім. Сол жылдар ішінде Төрткүлдің (Қарсыбай Сыпатаев атындағы кеңшардың) №2 бөлімшесіне (ұмытпасам) Шериевтер әулеті дейтін үлкен әулет адамдарын «Қызай Наймандар» деп естіп, өзіммен бірге құрылыста (жылжымалы-механикаландырылған колонна) жұмыс істейтін бір тракторшы жігітпен бірге (аты есімде емес) демалыс күндерінде, солардың ауылына барып танысқан едім. Жасы 90-нан асқан Шериев деген ақсақалдан тараған бес-алты үйлі әулет еді. Сол Шериев қария менімен әңгімелесе келе Бәйдібек бидің кіші әйелі Домалақ Ана туралы сөз бастап, солардан туған Қызай қыз бір дауға түсіп, Сіргелі руының бір шешенін жеңгені жайлы айтып берген еді. Сол есімде жүретін. Осыдан оншақты жыл бұрын шыққан «Ақ қылыш» деген романымда Қызай Ана туралы жазғанымда әлгі ақсақал айтқан Сіргелі руының адамы ретінде Сіргелі бабаның өзін сөзден жеңілген кейіпкер ретінде жазғанымды мойындаймын… Бір жағы ұлыс, тайпа көсемі, ру аты болған Сіргелі бабаның киесі бар демей, мойныма екі дүниелік күнә арқалап алам демей, өз руласым Қызайдың мәртебесін көтеру жолында аяқты жаңылыс басқанымды кеш біліп отырмын. (Бір жағы тәжірибенің жоқтығынан да шығар).

Қорыта айтқанда, Ақ тулы Сіргелі Жабай батырдың қасиет-қастеріне қарай отырып, сондай батырларымыздың бабасы болған Сіргелі бабаның киесі алдында және қазақ ұлтын құраған үлкен тайпалардың бірі – Сіргелінің бүгінгі нәсіл-әулеттері алдында кішілікпен бас ие отырып, шынайы ниетпен кешірім өтінемін! Ал рухани ақысын бос қоя бермейтін әруақ киесінің өзі шамданып, әлдебір жолмен құпия тосқауыл қойып жатса, оны қабыл аламын! Өмірдегі жаңылыстарға түсіністікпен қарайық демекшімін.

Жанат АХМАДИ,

жазушы, «Құрмет» ордені мен Қазақстан Жазушылар одағының

Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *