БАЛАҒА ПАСПОРТТЫ ҚАЛАЙ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?

Қоғам Құқық
421 Views

Қазақстан азаматтары 16 жастан бастап жеке куәлік алатын болса, паспорттыкез келген жаста алуға болады. Балаға паспорты қалай дұрыс рәсімдеу қажеттігі туралы редакциямызға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясыныңШымкент қалалық филиалы айтып берді.

Сәбиіңізбен бірге ХҚО-ға бірінші рет барғанда төмендегі құжаттар болуы қажет:

— туу туралы куәлік

— ата-анасының біреуінің жеке куәлігі

— 8 АЕК көлемінде паспорт үшін мемлекеттік баж салығын төлегені туралы түбіртек.

Ата-аналардың бірінің болуы міндетті.

Қызмет көрсету мерзімі: 15 жұмыс күні. Шымкент қаласының тұрғындары жеделдету үшін мемлекеттік бажды төлеп, паспорт алу рәсімін 1 жұмыс күніне дейін жеделдете алады. Паспорт он жылға жарамды болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *