БАСТАЙМЫН ДЕСЕҢ, КӘСІП КӨП

Қоғам
376 Views

Сарыағаш қаласының 29 жастағы тұрғыны Надр Фархатұлы – тағдыр тәлкегінеұшыраса да, ешқашан өмірден жеңілмей, ерік-жігерін жоғалтқан емес. Шебер ағаштан түйін түйіп, түрлі қолөнер бұйымдарын жасайды. Әрбір бұйымды ерекшеқұлшыныс пен жасап шығаратын шебердің еңбектері — күнтізбесі, тойбастар,балалар ойыншықтары, ақша жәшігі сынды бұйымдар бар.

Осыдан бірер жыл бұрын үйде бос жатқан ол «мұным жарамас» деп бірнеше кәсіп түрлерін қарастырып шығады. Ақырында, өзін бала кезден қызықтырған қолөнерге ден қоя бастайды. Әуелде тек балаларды ермегі — ойыншықтар жасап шығара бастаған.

Алғашқы бұйымдарымды өзімнің жақындарым, туыстары мен көрші-қолаң сатып алған еді дейді ол бізбен әңшімесінде. Осылайша алғашқы табыстарын жинап, түрлі бояу щеткаларын, бояулар мен өзге де құрал-саймандарын түгендеп алыпты. Әрқашан іздене жүретін шебер интернеттен түрлі мультфильм кейіпкерлерінің суреттерін жинап, құрастыратын пазл жасай бастаған. Ойыншықтарды жасауда балалармен кеңесіп отыратынын айтады. Себебі, олардың қиялдары бай, түрлі идеялар қосады екен.

Кейін кішкентай баланың суретін салатын жақтауды қолға алдым деді ол әңнімесін жалғастырып. Естелік ретінде жақтаудың астыңғы жағына баланың туған күні, салмағы және бой өлшемін жазады. Надр осыдан бірер жыл бұрын Нұр-Сұлтан қаласында өткен мүгедектер конференциясында «Жан шуақ» сыйлығының «Қолөнер» номинациясын иеленеді. Оны кәсіпкерлікке бастаған да осы жеңісі еді. Бизнес жол картасы арқылы оқып, кейін бизнес-жоспар құрып, 1 миллион теңге грант ұтып алады. Ол ақшаға ағаш оятын лазер, қажетті құрал-саймандар сатып алған.

2019 жылы облыстық Атамекен кәсіпкерлікті дамыту палатасының ұйымдастыруымен өткен «Қазақстанның ең жақсы өнімі» байқауында «Ең жақсы өнім дизайны» деген номинацияның иегері атанады. Сондай-ақ, өткен жылы «Үздік жас кәсіпкер» атанды.

Қазір Надр аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде мемлекеттік бағдарлама аясында жұмыс істейді. Сондықтан тек тапсырыспен ғана бұйымдар шығарады. Бағасы да қолжетімді. Оның бұйымдары 500 теңгеден 10 000 теңге аралығында бағаланады. Ол екі жұмысын да жақсы көреді. Басқармаға келген мұқтаж жандарға, өзге де азаматтарға қызмет көрсету оған ерекше серпін сыйлайды.

Ерекше кейіпкеріміздің өмірге деген көзқарасы да айрықша. Өмірді тек күрестен тұрады деп білетін ол қандай сынаққа да сынбай қарсы тұра білу үшін ең алдымен еңбектене білу қажет дейді. Еңбек бәрін жеңбек. Осынау ұстанымы оны бір сәтке де қол қусырып отыруға болмайтынын ұғындырады. Оның пайымдауынша, әркім өз тіршілігін жасап, өз қамын өзі істейін заман қазір. Себебі, мүмкіндіктер молынан. Тек ынта-жігер болса, жұмыстың түр-түрімен, кәсіптің де сан түрінмен айналысып, елдің дамуына үлес қосу керек.

Жаннұр ҚҰРМАНҒАЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *