БАЯНДЫ БОЛАШАҚҚА БАҒДАР

Қоғам
787 Views

Қазақстандық патриотизмді, толеранттылықты, жоғары мәдениетті нығайту кепілі ретінде құқықпен бостандықты құрметтеу тақырыбы қашанда өзінің өзектілігін жойған емес.Еліміз егемендік алып, Тәуелсіздіктің ақ таңын қарсы алған уақыттан бастапөскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу міндетіне баса мән беріле бастағаныбелгілі. Біздің алдымызда Қазақстанның жаңа азаматын және патриотын тәрбиелеусынды ұлы міндет тұр. Отанын шексіз сүйетін өскелең ұрпақ біздіңреспубликамыздың болашағын айқындайтын болады. Қазақ халқында «Не ексең, соныорасың» деген аталы сөз бар. Сондықтан, келешегіміз жарқын болуы үшін, еткенеңбегіміз еш болмас үшін ұрпақ тәрбиесіне немқұрайлы қарауға қақымыз жоқ.

Жас буынға патриоттық тәрбие беруде мемлекеттік рәміздердің алар орны ерекше. Еліміздің өз алдына дербес мемлекет екенін айғақтайтын, қазақ халқының дарқандығы мен кеңдігін бейнелейтін төл нышандарды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің, жоғары азаматтығымыздың көрінісі. Бір шаңырақ астында ынтымақ пен бірлікте өмір сүріп жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлысты біріктіруде де Мемлекеттік рәміздердің үлесі ерекше. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Қазақстан азаматтарының мемлекеттік рәміздерге деген көзқарасы мен қатынасы азаматтардың өздерін қаншалықты осы ел азаматы ретінде сезінетінін, оның болашағына қаншалықты сенетінін көрсетеді». Әрбір азамат мемлекеттіліктің қалыптасу үдерісінде Мемлекеттік рәміздердің мәні мен алар орнын, маңыздылығын түсіне отырып, еліміздің Мемлекеттік туы, елтаңбасы мен әнұранын құрметтеуді азаматтық парызым деп білуі тиіс.

1992 жылдың 4 маусымы – тарихи күн. Бұл күні Тәуелсіз Қазақ елінің Мемлекеттік рәміздері ресми түрде бекітілген. Ал 2007 жылы дәл осы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңына қол қойып, мемлекеттік рәміздерімізді пайдалану тәртібін нақтылап берді. Мемлекеттік рәміз – кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейді. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран – Мемлекеттік рәміздер болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Ту сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» (кейіннен Qazaqstan деп өзгертілген) деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» (кейіннен Qazaqstan деп өзгертілген) деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер – Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны. Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.

Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы» деген сөздері бүгінде де өте өзекті деп ойлаймыз. Тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік рәміздерді насихаттау қазақстандық патриотизмнің қалыптасуына оң ықпал етеді, тұлғаның әлеуметтенуіне, оның рухани өсуі мен үйлесімді тәрбиеленуіне септігін тигізеді. Сондықтан, еліміздің білім ошақтары Тәуелсіз Қазақстанның ертеңі – жастардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру бағытындағы ізденістерді тоқтатпауы қажет.

Бүгінде көк байрағымыз көгімізде желбіреуде. Елтаңбамыз – елдігімізді білдіріп тұр. Әнұранымыз әрдайым да әлем елдерінің алдында асқақ шырқалып келеді.

Бибігүл ҚАНАТОВА,

Шымкент политехникалық

колледжінің кітапханашысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *