БЕЙНЕТІРКЕГІШТЕР ТАПСЫРЫЛДЫ

Қоғам Құқық
833 Views

Бүгінгі таңда елімізде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының барлықбағыттарын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстарШымкент қаласы ТЖ департаментінде де жүйелі түрде іске асырылуда. Осылайша,қала әкімдігінің қолдауымен департаменттің аудандық ТЖ бөлімінің мамандары бейнетіркегіштермен қамтамасыз етілді.

Сандық бейнетіркегіштер аудио-бейне жазуға, азаматтардың іс-әрекеттерін, сондай-ақ сапалы, дәлелді базаны қамтамасыз етуге және құқықбұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Департамент бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі М.Жаксибаев азаматтық қорғау органдарының жауапты мамандарына инспекторлық тексерулер кезінде аудио-видеофиксациялауды қолдану тәртібі мен шарттары бойынша нұсқаулық жүргізді.

Аудио-бейнежазба инспектордың және объект өкілдерінің барлық іс-әрекеттерін (шағымдар мен өтініштер болған жағдайда) жазады. Тексеру іс-шаралары мен түсіндірме жұмыстарының жазбаларын сақтау мерзімі 12 айды құрайды. Бейнетіркегіштерден алынған жазбаларды тек ішкі пайдалануға арналған, оларды тек арнайы құрылған топтардың қатысушылары ғана көре алады.

Осылайша, Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті цифрландырудың негізгі принциптерінің бірі – жариялылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмауды іс жүзінде жүзеге асырып отыр.

Шымкент қаласы,

ТЖД ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *