БЕРІК УӘЛИ ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

Билік
587 Views

Университетіміздегі журналистика және саясаттануфакультетінің құрылғанына он екі жыл толуына орай «Хабар» агенттігі журналистерінің шеберлік сағаттары өтті. «Хабар» агенттігінің Басқарматөрағасы, белгілі журналист Берік Уәли өзі бастап студенттерімізгетәжірибелерін бөлісті. Тек тәжірибемен бөлісіп қойған жоқ, демеушілердің көмегіменбіздің студенттерге заманауи телекамера мен оған қажетті қондырғыларды сыйғатартты.

Біз бұл агенттікпен бұрыннан тығыз байланыстамыз. Жыл сайын оқу ордамыздағы «Хабар» агенттігінің аудиториясында елімізге белгілі медиа саласының мамандары шеберлік сағаттарын өткізіп, студенттеріміздің практикалық тұрғыда шыңдалуына үлесін қосып келеді.

Екіжақты байланысты нығайту мақсатында меморандумға қол қойылды. Оның негізінде «Хабарға» практикаға баратын студенттеріміздің уақыты мен саны көбейетін болды. Жастардың кәсіби шеберлігін арттыру үшін тележурналистика саласындағы белгілі тұлғаларға шәкірт ретінде бекітіп беру де келісілді.

ЕҰУ студенттерінің күшімен «Еларна» арнасының эфирінен аптасына бір рет он минуттық студенттердің бағдарламасы дайындалатын болды. Елімізде алты жүз мыңнан аса студент бар. Ендеше осы аудиторияның сұранысын қамтитын телебағдарламалар көп болуы керек. Соның басы «Хабардың» қолдауымен алғаш біздің университеттен бастауын алайын деп отыр.

Ендеше, басқа телеарналарды да осындай игілікті жұмыстарға үлес қосуға шақырамын. Студенттер – ел болашағы. Өзінің Басқарма төрағасы қызметіндегі алғашқы қадамын білікті ізбасарлар тәрбиелеуден бастаған іскер басшы Берік Уәлидің жаңа жұмысына табыс тілеймін!

Ерлан СЫДЫҚОВ,

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры,

ҚР ҰҒА академигі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *