«БИЗНЕС-СУПЕРМАРКЕТ» АШЫЛАДЫ

Жастар
827 Views

Бұл туралы «Nur Otan» партиясының 2030 жылға дейінгі «Әлеуметтік қамсыздандыру: онжылдықтың 10 мақсаты» мен «Nur Otan» партиясының XVIII съезінің қорытындысын түсіндіру мақсатында ұйымдастырылған жастармен кездесу барысында айтылды.

Жастармен кездесуге қоғам қайраткерлері, съезге қатысқан делегаттар, партия филиалының басшылығы, мемлекеттік органдардың және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында «Nur Otan» партиясы отандық бизнесті және кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыру үшін жағдайды жақсартуды қолдайтыны атап өтілді. Осы мақсатта жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларын іске асырып, бизнес-бастамаларын дамыту бойынша шаралары қабылдануда.

Партиялық бағдарламаның бесінші мақсаты – елімізде бизнес жүргізу үшін қолайлы жағдай жасау бойынша атқарылып отырған жұмыстар жайлы Шымкент қаласының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы міндетін атқарушы Нұркен Бегулиев хабарлама жасады.

– Мемлекет басшысының съезде берген тапсырмаларын іске асыру мақсатында сәуір айында «Бизнес-супермаркет» ашылмақ. Онда кез келген жас кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша бизнес-план жоспар жасау, құжаттар жинау, салықтар бойынша кеңес алып, несие рәсімдейді. Сондай-ақ, жаңа бағдарлама аясында жас кәсіпкерлер несиені рекордтық төмен тарифпен ала алады. Жас кәсіпкерлер несиені 8,5 пайызбен алады, 7,5 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады, сондықтан ай сайынғы төлем тек 1 пайызды құрайды. Бұл өз ісін бастауға тамаша мүмкіндік болғандықтан, жастарды бағдарламаға қатысуға шақырамын, – дейді басқарма басшысы.

«Nur Otan» партиясының Шымкент қалалық филиалы төрағасының орынбасары Бауыржан Қуанышбеков «Nur Otan» партиясының ХVІІІ сьезінде қабылданған 2030 жылға дейінгі «Әлеуметтік қамсыздандыру: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасында шағын және орта бизнесті дамыту, жұмыспен қамту және нәтижелі жастар саясатын жүзеге асыру мәселелеріне үлкен назар аударылғанын айтып өтті.

Кездесу барысында съезд делегаттары: Сайрам көмекші мектеп-интернатының директоры Жадыра Таңатарова, механикалық зауыт директоры Мейірбек Күшенов, партия ардагері Бердіқұл Тұяқбай Елбасының съезде сөйлеген сөзі және «Әлеуметтік қамқорлық» шаралары туралы айтып өтті. Кездесу барысында жастар қызықтыратын сұрақтарын қойып, аға буыннан толыққанды жауаптар мен кеңестер алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *