БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҒЫНА ҰМТЫЛ!

Білім
1 811 Views

90 жылға жуық тарихы бар Алматы қаласындағы Мұхамеджан Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясы (QazАТК ЖШС) Қазақстандағы теміржол саласында сапалы маман, саналы ұрпақ тәрбиелейтін бірден бір мекеме. Еліміздің Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау және Ақтөбе қалаларында QazАТК колледждері жұмыс істейді. Әр колледжді – өз ісінің шебері, білікті мамандар басқарады.

Шымкент көлік колледжі «Білім беру қызметін лицензиялаудың ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 сәуірдегі №596 қаулысына сәйкес академия филиалы негізінде 2007 жылы 28 тамызда ашылған. Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасынан 2007 жылы, 23 шілде күні мемлекеттік тіркеуден өткен. Оқу мекемесінің орналасқан жері (мекен жайы): Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Жүсіпбек Аймауытов көшесі, 1, телефон (факс) 8725292-19-19, электрондық адрес — shtkkazatk@mail.ru.

Шымкент көлік колледжіне Оңтүстік Қазақстан облысының білім департаментімен 2007 жылдың 28 тамызында сериясы АБ №0038305 мемлекеттік лицензиясы 6 мамандықтар бойынша білім беру қызметін жүргізуге рұқсат берген, олар:

1. 0904000 «Теміржолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану», біліктілігі: 090403 3 «Электромеханик»;

2. 1108000 «Теміржолдарының жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту», біліктілігі: 110818 3 «Техник-электромеханик»;

3. 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару», біліктілігі: 120309 3 «Тасымалдауды ұйымдастырушы техник»;

4. 1303000 «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару», біліктілігі: 130304 3 «Электромеханик»;

5. 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс», біліктілігі: 130612 3 «Техник-радиотехник»;

6. 1409000 «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы», біліктілігі: 140905 3 «Техник-жолшы-құрылысшы».

Колледждің студент жастарды тәрбиелеу функциясы – оқыту қызметі мен сыныптан тыс тәрбие жұмысының біріктірілуінде. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру кезінде басымдық – студенттердің кеңес беру және өздерінің тұлғалық стратегиясын ұйымдастыру, қабілеттері мен шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Әдістемелік және ғылыми қызметі ұзақ мерзімді және ағымдағы колледждің даму міндеттеріне сәйкес жүзеге асырылады. Әдістемелік жұмыс оқыту әдістемесі, оқытуды жетілдіру және студенттердің оқу процесіне қызығушылығын дамыту, танымдық процестің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды және оқу құралдарын қолдану бойынша ПҚ-ның бірігіп жұмыстануына құрылған.

Арнаулы орта оқу орнының материалдық-техникалық базасы студенттердің барлық сұраныстарын қанағаттандыратындай жұмыс атқаруда. Сәйкесті деңгей мен бейіндегі, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өз мамандығын еркін меңгерген, білікті маман даярлау үшін колледждің материалдық-техникалық базасы және инфрақұрылымы бар. Колледждің МТБ-сының жалпы ауданы 0,9781 гектарды құрайды. Оқу сабақтарын өткізуге арналған 22 оқу кабинеті, МБС талаптарына сәйкес оқу процесін жүргізуге мүмкіндік беретін материалдық және оқу-әдістемелік база жасақталған. Кабинеттердің 12-сі жалпы және кәсіптік пәндерді оқытуға, 10-ы арнайы пәндерге арналған. Кабинеттерде мультимедиялық кешендер, дербес компьютерлер, интерактивті тақталар тиімді пайдаланылады. Сонымен қатар арнайы пәндер бойынша бес зертхана мен үш шеберхана бар. Әр мамандық бойынша әлеуметтік серіктестер базасында да арнайы пән және тәжірибелік оқу кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Арнайы пәндер, оқу-өндірістік шеберханалары және зертханалар технологиялық жабдықтармен, макеттермен, көрнекі құралдармен, мүліктермен жабдықталған. Оқу процесінің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін аудио-визуалдық жабдықтардың барлық түрлерімен жабдықталған (портативті мультимедиялық проектор) лингофондық кабинет және төрт компьютерлік сынып жұмыс жасайды. Жас мамандарды кәсіби қалыптастыруда колледж кітапханасы маңызды рөл атқарады. Бүгінде кітапхана колледждің ақпараттық орталығы болып табылады. Жалпы кітапхана қоры 45168 дана кітап қорын құрайды.

Студенттердің оқу-өндірістік және кәсіби тәжірибеден өту мақсатында 0904000 «Теміржолдардың электр техникалық жүйелерін электрмен жабдықтау, пайдалану» мамандығы бойынша «Шымкент электрмен қамтамасыздандыру дистанциясы» ЭЧ-24, 1108000 «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық күту» мамандығы бойынша «Шымкент локомотив сервис» ЖШС және ТД-16 локомотив айналым депосымен, 1203000 «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша «Қазығұрт», «Шымкент» стансаларымен, 1303000 «Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және қозғалысты басқару» мамандығы бойынша «Шымкент белгі беру және байланыс дистанциясы» ШЧ-37, 1409000 «Теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы» мамандығы бойынша «Шымкент жол жөндеу дистанциясы» ПЧ-53, 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс» мамандығы бойынша «Транстелеком АҚ» Шымкент бөлімшесімен келісімшарттар жасалады.

Бізде білім алатын студенттерге барлық жағынан қолдау жасау көзделген. Соның бірі – әлеуметтік жағынан аз қамтылған студенттерге әлеуметтік қолдау көрсету. Қамқорлық кеңес жұмысының негізгі бағытының бірі – әлеуметтік аз қамтылған ақылы негізде білім алатын студенттерге қолдау көрсету. Әлеуметтік жағдайы төмен тұл жетім және жартылай жетім, бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер, көпбалалы отбасы және ата-анасының біреуі бірінші, екінші топтағы мүгедек болып табылатын студенттерге жәрдем беріледі.

Колледж директоры – ғалым, филолог Әбдіжәлел Әбутәліпұлы 300 жыл теміржол саласында еңбек еткен Ақкөзовтер отбасында дүниеге келген. 24-25 жылға жуық басшылық қызметінде жұмыс атқарған. Skopus базасында тіркелген «Opcion» (Venezuela), ISSN: 1012-1587. Жеке авторлық 100-ден аса ғылыми, Импакт-фактор журналында алты, екі монография, сегіз оқу құралы, он оқу-әдістемелік құралының авторы.

Сонымен қатар, бірінші және жоғары санаттағы ұстаздар – Рахима Жапанова, Индира Намуратова, Нұржан Бертаев, Сандуғаш Сейдуалиева тағы да басқа «Колледж» кәсіби білім беру, Білім технологиялары, Колледж және кәсіптік бағдар, Оқу-инновациялық технологиялар атты республикалық педагогикалық-әдістемелік журналдар мен «Егемен Қазақстан», «Оңтүстік Қазақстан», «Әділет. Рухани жаңғыру», «Шалқар шыңдары», «Білім нұры», «Бірлігіміз жарасқан» газеттерінде мақалалары жарияланып тұрады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *