БІЗДЕ МАМАН КӨП

Әр алуан
873 Views

Бізде бәрі маман,

Түске таман

Саусақ бүгіп санап көрсем,

Сораңдаған Саурық та маман,

Қараңдаған Қарпық та маман,

Қасын қырған Сәуле де маман,

Кірпік жалғаған Зәуре де маман.

Ағылып ертеңгілік

Қызметке кетіп жатады.

Ағылып кешкілік

Қызметтен келіп жатады.

Бұл қандай заман?

Анау бас маман,

Мынау жас маман,

Болмағаны

Көмекші,

Кеңесші,

Тілекші,

Міне, мұнысы жаман!

Сонда да оңалмаймыз,

«Жақсы» деп кімді алдаймыз.

Қазақ айтқыш:

«Қойшы көп болса, қой арам өледі!»

Басшылар

«Қойшыны» азайтып көрмей ме,

Қой

Өле ме, өлмей ме,

Сонда білмей ме?

Көп маманнан не пайда,

Әйда,

Бір маман ет өндірсін,

Бір маман сүт өндірсін,

Бір маман кәсіп ашып,

Балаларға шұлық тоқып көрсін.

– Әй, баяғыдай қайдан болсын?

– Не, әурешілік дейсіз бе?

– Кім білсін!

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *