Астаналық цирк «PLANETA KIDS» мерекелік бағдарламасын ұсынады
30 мамыр мен 10 маусым аралығында Астаналық циркте Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «PLANETA KIDS» мерекелік цирк бағдарламасы өтеді.
Жоба үздік цирк жанрларын, заманауи сахналық технологияларды және жарқын қойылымдық шешімдерді біріктіріп, балалар мен ересектерге арналған нағыз мерекелік атмосфера сыйлайды.
Бағдарламаға мынадай өнер шеберлері қатыспақ: әуе гимнасттары Егор және Анастасия Коваленко; Азилбек Болатов жетекшілік ететін секіртпемен өнер көрсететін акробаттар; Тунгалг Осельбаева жетекшілік ететін үйретілген иттер мен понилер нөмірі; Тимур Ахназымның орындауындағы сабын көпіршіктері шоуы; жас клоундар; балет әртістері; голографиялық және лазерлік шоу.
Көрермендерді әсерлі цирк нөмірлері, заманауи жарық безендіруі, мерекелік атмосфера және бүкіл отбасыға арналған жарқын әсерлер күтеді.
«PLANETA KIDS» мерекелік бағдарламасы отбасылық мәдени демалысты дамытуға және балалар мен жастар арасында цирк өнерін насихаттауға бағытталған.
Астаналық цирк, Қабанбай батыр 5 даңғылы, 30 мамырдан — 10 маусымға дейін. Билеттер Freedom Ticketon платформасында қолжетімді. Байланыс қызметті: +77759717770
Нұрдәулет Алекул,
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
Университетінің студенті