ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДОП ДОДАСЫ

Спорт
1 000 Views

ҮШІНШІ ТУРДЫҢ ҮЗДІКТЕРІ

Уругвай – Ресей 3:0 (Луис Суарес 10, Денис Черышев 23, автогол, Эдинсон Кавани 90). Уругвай – қос дүркін (1930, 1950) Әлем чемпионы. Ал ресейліктер араға 24 жыл салып плей-офф бәсекелеріне шығып отыр. Игорь Смольников 28 минутта ескерту алып, 36 минутта алаңнан қуылды. Енді 1/8 финалда Уругвай – Португалиямен, ал Испания – Ресеймен кездесетін болды.

Сауд Арабиясы – Мысыр 2:1 (Салман әл-Фарадж 45+6, пенальтиден, Салем Әл-Досари Салем 90+5 – Мохамед Салах 22). Кездесудің 41 минутында саударабиялық Фахад әл-Муваллад пенальтиден мүлт кетті. Осылайша мысырлықтар 1934 жылғы, ал саударабиялықтар 1994 жылғы өздерінің плей-офф бәсекесіне шыққан ең үздік нәтижелерін қайталай алмады.

Португалия – Иран 1:1 (Карим Ансарифард 90+3, пенальтиден – Рикарду Куарежма 45). 53 минутта португалиялық Криштиану Роналду пенальтиден мүлт кетті. Енді Португалияның 1966 жылғы ең үздік нәтижесін (күміс медаль) қайталауға қауқары келе ме екен?! Ал ирандықтар топтық бәсекеден ары қарай асып көрмеген.

Испания – Марокко 2:2 (Иско 19, Яго Аспас 90 +1 – Халид Бутаиб 14, Юссеф Эн-Несири 81). Испания – 2010 жылғы Әлем чемпионы. Өз кезегінде марокколықтар 1986 жылы қол жеткізген 1/8 финалға жете алмай қалды.

Франция – Дания кездесуінде есеп ашылған жоқ. Дәл осындай жағдай 1954 жылы Швейцарияда өткен Әлем чемпионатында 26 ойыннан кейін орын алған болатын. 1998 жылы француздар Әлем чемпионы атанып, ал скандинавиялықтар ширек финалға дейін жеткенін ескерсек, тартыстың бәрі алда сияқты. 1/8 финалдық бәсекеде Франция – Аргентинамен, ал Хорватия – Даниямен өзара күш сынасатын болады.

Перу – Аустралия 2:0 (Андре Карильо 18, Хосе Паоло Герреро 50). Перу 1970 жылы ширек финалда ойнаған болатын. Аустралия 2006 жылы 1/8 финалға шыққан еді.

Аргентина – Нигерия 2:1 (Лионель Месси 14, Маркос Рохо 86 – Виктор Мозес 51, пенальтиден). Лионель Месси ХХІ Әлем чемпионатындағы жүзінші голдың авторы атанды. Аргентина – қос дүркін (1978, 1986) Әлем чемпионы. Сөз орайы келгенде 1994, 1998, 2014 жылдары 1/8 финалға шыққан африкалықтар сол жетістігін қайталай алмағанын тілге тиек ете кетейік.

Хорватия – Исландия 2:1 (Милан Бадель 53, Иван Перишич 90 – Гильфи Сигурдссон 76, пенальтиден). Шақпақжейделілер 1998 жылы қола жүлдегер атанған. Чемпионат дебьютанты – Исландияның жеткен жері осы шығар.

Бразилия – Сербия 2:0 (Паулинью 36, Тиагу Силва 68). Бразилия –бес дүркін (1958, 1962, 1970, 1994, 2002) Әлем чемпионы. Сербиялықтар (бұрынғы Югославия) 1930, 1962 жылдары төртінші орынды еншілеген еді. 1/8 финалда Бразилия – Мексикамен, ал Швеция – Швейцариямен тоқайласатын болады.

Швейцария – Коста-Рика 2:2 (Блерим Джемаили 31, Йосип Дрмич 56 – Кендалл Уотсон 88, Ян Зоммер 90+3, пенальтиден, автогол). Швейцариялықтар 1934, 1938, 1954 жылдары, ал коста-рикалықтар 2014 жылы ширек финалда өнер көрсеткен болатын.

Оңтүстік Корея – Германия 2:0 (Ким 90+3, Сон Кюн Мин 90+3). Осылайша іс жүзіндегі Әлем чемпиондарының топтық бәсекеден ары қарай аса алмастан еліне қайтқанын биылғы дүниежүзілік дүбірлі доп додасының ең басты сенсациясына балауымызға болады. Оңтүстіккореялықтар 2002 жылы төртінші орынға табан тірегені естеріңізде шығар.

Швеция – Мексика 3:0 (Людвиг Аугустинссон, Андреас Гранквист 62, пенальтиден, Эдсон Альварес 74, автогол). Бұл қос құрама да жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды. Шведтер 1958 жылы шешуші ақтық финалдық сында өнер көрсеткен. Ал ацтектердің 1970, 1986 жылдары ширек финалға шыққанын бәріңіз білсеңіздер керек.

Бельгия – Ұлыбритания 1: 0 (Аднан Янузай 51). Бұл екі құрама да 1/8 финалға шықты. Бельгия – Жапониямен, ал Ұлыбритания – Колумбиямен ойнайды. Ағылшындар – 1966 жылғы Әлем чемпионы. Бельгиялықтар 1986 жылы төртінші орынға табан тірегенін ескерсек, олардан әлі де біраз нәрсе күтуге болады.

Тунис – Панама 2:1 (Яссин Мериа 33, автогол, Фахраддин Бен Юсеф 51, бұл Әлем чемпионаттарының тарихындағы соғылған 2500 гол, Вахби Хазри 66). Топтық бәсекелерден ары қарай өтпеген тунистіктердің биылғы жағдайы да дәл солай болды. Панамалықтар – чемпионат дебютанты екенін ескерсек, олардың алар асулары әлі алда екенін аңғаруға болады.

Польша – Жапония 1:0 (Ян Беднарек 59). 1974, 1982 жылдары қола жүлдегер атанған поляктар чемпионатпен қош айтысты. 2002, 2010 жылдары 1/8 финалда өнер көрсеткен самурайлар сол жетістігін қайталап отыр. Жапондардың сенегалдықтармен ұпайы да (төрт), доп айырмасы да бірдей (4:4), өзара кездесуі де тең есеппен аяқталған (2:2). Fair play ережесіне сәйкес самурайлар тек сары қағаздары (ескерту) санының аздығынан ғана (4:6) жарыстың келесі кезеңіне жолдама алды.

Колумбия – Сенегал 1:0 (Йерри Мина 74). Сенегалдықтар 2002 жылы, ал колумбиялықтар 2014 жылы ширек финалға шыққан. Енді колумбиялықтарға сол жетістігін қайталаудың мүмкіндігі туып отыр.

Ресейлік «Спорт экспресс» басылымы Әлем чемпионатының топтық бәсекелеріндегі символикалық құраманы анықтады. Оған қақпашы Каспер Шмейхель (Дания), қорғаушылар – Диего Годин (Уругвай), Джон Стоунз (Ұлыбритания), Андреас Гранквист (Швеция), жартылай қорғаушылар – Лука Модрич (Хорватия), Денис Черышев (Ресей), Филиппе Коутинью (Бразилия), шабуылшылар – Харри Кейн (Ұлыбритания), Криштиану Роналду (Португалия), Эден Азар, Ромелу Лукаку (екеуі де – Бельгия) енген.

 

1/8 ФИНАЛ

Франция – Аргентинадан 4:3 есебімен басым түсті. Голдарды Антуан Гризманн 13, пенальтиден, Бенжамен Павар 57, Килиан Мбаппе 64, 68 – Анхель Ди Мария 41, Габриэль Меркадо 48, Серхио Агуэро 90+3 соқты. Ширек финалда үшжолақтылар Уругваймен ойнайды.

Уругвай – Португалияны 2:1 есебімен ұтты. Уругвайлық Эдинсон Кавани қос доптың авторы атанды (7, 62). Оған португалиялық Пепе бір доппен қарымта қайтарды (55).

Ресей – Испания кездесуінің негізгі бөлігі 1: 1 (Сергей Игнашевич 12, автогол, Артем Дзюба 41, пенальтиден) есебімен тең аяқталды. Бұл есеп ойынның қосымша кезеңінде де өзгерген жоқ. Пенальтилер сериясы бойынша 4:3 есебімен жеңіске жеткен жарыс қожайындары ширек финалға шықты. Енді олар хорваттармен кездеседі.

Хорватия – Дания кездесуінің негізгі бөлігінде 1:1 (Марио Манджукич 4 – Матиас Йергенсен 1) есебі тіркеді. Бұл есеп ойынның қосымша кезеңінде де өзгеріссіз қалды. Пенальтилер сериясы бойынша 3:2 есебімен жеңіске жеткен шақпақжейделілер жарыстың одан ары жалғастыратын болды.

Бразилия –Мексикадан 2:0 есебімен басым түсті. Пентекампеондардан Неймар (51) мен Роберту Фирмину (88) доп соғумен ерекшеленді. Ширек финалда Бразилия – Бельгиямен бәсекеге түседі.

Бельгия – Жапонияны 3:2 етіп ұтты. Екінші таймның басында Генки Харагути (48) мен Такаси Инуи (52) гол соғып, самурайларды есепте алға шығарған. Дегенмен, Ян Вертонген (69), Мауран Феллаини (74), Насер Шадли (90+4) үш доп соғып, жеңісті жұлып әкетті.

Швеция – Швейцарияны 1:0 есебімен жеңді. Ойын тағдырын шешкен жалғыз допты 66 минутта Эмиль Форсберг соқты. Шведтер ширек финалда ағылшындармен тоқайласады.

Ұлыбритания – Колумбия кездесуінің негізгі бөлігі 1:1 (Харри Кейн 57, пенальтиден, бұл оның чемпионаттағы алтыншы добы – Йерри Мина 90+3) есебімен тең аяқталды. Бұл нәтиже ойынның қосымша бөлігінде де өзгерген жоқ. Пенальтилер сериясы бойынша ағылшындар 4:3 есебімен алда болды.

 

ШИРЕК ФИНАЛ

6 шілдеде Уругвай – Франциямен, ал Бразилия – Бельгиямен ойнайды.

7 шілдеде Швеция – Ұлыбританиямен, ал Ресей – Хорватиямен кездеседі.

Ә. КЕЛЕСҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *