ЕЛ СЕНІМІ – ЕҢ ҚЫМБАТЫҢ!

Қоғам
742 Views

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері-заңгері Бекет Тұрғараевтың сайлаушылар алдындағы сөзі

Қазақстанхалқы бүгінде аса бір жауапты, салмақты саяси кезеңді бастан өткізіп отыр. Ол өздеріңізге мәлім Қазақстанды 30 жылдай басқарған, саңлақ саясаткер, көрегенкөшбасшы, мемлекетті құрушы, әлемге танылған тұлға, әлемдік дәрежедегібастамалар мен бағдарламалардың негізін қалаушы, күрделі заманның күре тамырындөп басқан Елбасы, биліктің биік шыңын ерік жігеріне бағындырып, өз еркіменПрезиденттік лауазымын тоқтатуға тарихи шешім қабылдады.

Шындыққа жүгінсек, бұл шешімді біреу күліп,біреу жылап, енді біреулері күдікпен қарап қабылдады. Жағымпаздар мен жандайшаптардың және керітартпа керіауыздармен кезбелердің алыстан айқайлап айтқан ала-жала лебізіне құлақ аспасақ, жалпы Қазақстан халқы сабырлы, салиқалы дұрыс шешім деп қабылдады. Елбасының ерен еңбегін ескеріп, оған жасаған мақтаулар мен марапаттарды орынды деп бағалады.

Елбасының даналықпен даярлап жүрген ізбасары Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президенттік лауазымға лайық тұлға деп ұсынуын, халық қызу қолдады. «Нұр Отан» партиясының 19-шы съезінде Елбасының ұсынысын бір ауыздан мақұлдады. Халықтық сайлауға шығаруға шешім қабылдады.

Партия шешімін халыққа, сайлаушыларға түсіндіру барысында, еліміздегі бұл сайлаудың әділ, ашық және демократия негіздеріне сүйенген, әлемдік стандарттарға сай өткізілетіні кеңінен насихатталды.

«Нұр Отан» партиясы Президенттікке кандидат етіп ұсынған Қасым-Жомарт Тоқаевтың кім екеніне зер салып,зердеден өткізіп қарасақ, бұл ұлтымыздың ел басқарған ұлы тұлғаларының бірі Түркістандық Нұртас Оңдасыновтың «арым таза, қолым таза, жүзім таза» деген ешкімге қиянат жасамағанын, пара алмағанын, жұртты жүзге бөлмей өз ар-ожданымен халыққа айтқан сөздері, Қасым-Жомарт Кемелұлының бой болмысында, дәл осындай зиялылықтың бар екені көрініп тұр. Біз білген биліктің биік шыңындағы лауазымды тұлғалардың атына айтылып жататын сын – ескертпелер,бұл кісінің бойына жұққан емес.

Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің іс жоспарын сабақтастық, әділдікпен өрлеумен жүргізетінін мәлімдеді.

Сабақтастықтың да сапалы жағын алып, мемлекеттің халыққа қызмет ету жағына ерекше мән беретінін айтты.

Әділдік баршаға ортақ болатынын, жемқорлар мен парақорларға қатаң күрес жүретінін, ендігі жерде заңның талабы қатаң сақталатынын, заңдарымыздың босаң тұстарын қайта қарап, қоғам мен халықтың талап деңгейіне сай болатынын зердеге жеткізіп түсіндірді.

Өрлеу табиғи заңдылық, қол жеткен жетістікті жетілдіре түсіп, заман талабына сай ілгерілеп, әлем елдерінің алдыңғы сапында болу, халықтың әл-ауқатын жақсартып, тұрмыс деңгейін көтеру басты міндет екенін түсіндіріп берді.

Қасым-Жомарт Кемелұлы бұл ұстанымдарын өзінің алғашқы Президенттік сапарын қасиетті Түркістаннан бастағанда, халықпен кездесуінде айтқан болатын. Түбі бір Түркі жұртының түп қазығы Түркістанның рухани астанамыз болуы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтынын да баса айтты.

Елбасының Түркістанды түлету үшін Түркістан облысын құрып, орталығын Түркістан деп белгілеуі, халық жүрегіне қуаныш ұялатқанына куә болдық.

Осынау тарихи шешімді іске асыруда, биліктің биік сатыларынан өтіп, өмірлік тәжірибе жинақтаған Өмірзақ Шөкеевтің әкім болып тағайындалып іске кірісуі, халық жүрегіне жылылық ұялатты. Өмірзақ Естайұлы Түркістанның тумасы, туған жерге туыңды тік деген халық қағидасына сүйеніп, оның бұл міндетті біліктілікпен, іскерлікпен, тазылықпен жүзеге асыратынына ел-жұрт болып сенімдіміз.

Бастаған іске сәттілік тілейік.

Президент болуға үміт етіп, жеті үміткер қатысып отыр, партиялар мен қоғамдық ұйымдардың үкілеп ұсынған үміткерлерінің,саяси салмағымен, өмірлік тәжірибесіне әділ баға бере отырып, ел басқару биік өнер екенін, ол әркімнің қолынан келе бермейтінін ескерсек, біз «Нұротандықтар» ұсынып отырған үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының кандидатурасына тоқталсақ қателеспейміз. Өйткені ол әлемдік дәрежедегі саясаткер, еліміздің ішкі – сыртқы саясатын терең меңгерген тұлға, тәуелсіздігімізді әлемге танытқан, әлем елдерінің саясаткерлерімен халықаралық тілдерде сөйлесе алатын сұңғыла шешен.

Әрбір сайлау құқы бар азамат, сайлауға қатыса отырып, саяси сауаттылық танытып,бұл сайлау отанымның, отбасымның, болашақ тағдыры деп асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Әсіресе жастар жан салып кірісіп, ағымдағы алауыздық сөздермен пікірлерге ілеспеуі керек.

Қымбатты отандастар! Ұлы жырау Қожаберген ел басына ауыр күндер туған зар заманда «Кеудеңде шыбын жаның болса егер, жоғалтпа жер бетінен қазақ атын» деп зарлап жырлап, халықты бірлікке шақырып, мәңгілік ел болуды армандаса, Елбасы сол арманды ақиқатқа айналдыру барысында, қазақстанды әлемге танытып, қазақтың ұлы халық екенін, «Мәдени мұра», «Рухани жаңғыру», « Ұлы даланың жеті қыры» деген бағдарламалық қағидаттарымен ұлтты ұйқысынан оята отырып, жаһандану заманында тарихымызды әлемге танытып,«Мәңгілік ел» болу құрғақ сөз емес, өмірлік күрес екенін, болашаққа бой созып қарау қажет екенін ұғындырып берді.

Атақты түркітанушы ғалым Мырзатай Жолдасбековтың «Біз білетін қазақ – ақылды, данышпан, кемеңгер, дарынды, ойшыл халық. Қазақтың кез келгені ақын, жырау, философ. Сөйтсе де қазақ ішінде жікшілдер де, күншілдер де, жалқаулар да, өсекшілдер де аз емес. Осылардан құтылсақ ертерек мәңгі ел боламыз» деген әділ айтқан әсерлі сөзінен қорытынды шығарып, ұлтты ұлы істерге бастайтын, ұлттың мақтаныш сезімін туғызатын даналық шешім қабылдауға ел боп еңсемізді көтеріп кірісейік. Ел сенімін ақтау ерлікке тән қасиет. Ел сенімі – ең қымбатың екенін ұмытпауымыз керек.

Алдағы болатын Президент сайлауы бізден асқан жауапкершілікті, мәңгілікке бастайтын мәнді шешім қабылдауымызды талап етіп отыр.

Олай болса іске сәт отандастар!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *