ЕҰУ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – РЕСЕЙДЕ

Білім
696 Views

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің делегациясы Ресейдің жетекші жоғары оқу орындарына барды. Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов бастаған делегация 2021 жылы 19 сәуірде Мәскеуге барған сапары кезінде бірқатар астаналық жоғары оқу орындарында болды.

Делегация құрамында стратегиялық даму жөніндегі проректор Думан Айтмағамбетов, Ректор аппаратының басшысы Әнуар Майқанов, Цифрлық даму және қашықтықтан оқыту департаментінің директоры Гүлмира Бекманова, Инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Қайсар Саябаев, Физика-техникалық факультетінің деканы Ерік Нұрмолдин және Экономика және кәсіпкерлік кафедрасының меңгерушісі Айгүл Майдырова РУДН, «МИЭТ» ҒЗИ, ММУПП және МГИМО өкілдерімен кездесті.

Кездесу барысында тараптар арасында білім және ғылым саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Ерлан Сыдықов кездесуде Еуразия ұлттық университетін Ресей жоғары оқу орындарымен академиялық және ғылыми ынтымақтастық саласындағы жасалған 151 келісім негізіндегі көпжылдық достық байланыстыратынын атап өтті.

Әріптестік білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен ғылыми тағылымдамалары, академиялық алмасу, бірлескен білім беру бағдарламаларын іске асыру, бірлескен іс-шаралар өткізу және басқа да көптеген перспективалы бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Ресейлік жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық ТМД Желілік университеті, ШЫҰ университеті және басқа да жоғары оқу орындары арасындағы келісімдер сияқты халықаралық білім беру платформалары деңгейінде жүргізілуде.

Осы платформалар негізінде ресейлік жоғары оқу орындарымен 27 бірлескен білім беру бағдарламасы іске асырылып, 135 жас маман даярланды. Ресей Халықтар Достығы университеті басшылығымен кездесу барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ өкілдері әріптестерімен халықаралық логистика бойынша бірлескен білім беру бағдарламасын іске асыру мәселелерін талқылап, оны келесі жылдан бастап жүзеге асыруға келісті.

Сондай-ақ, тараптар бірлескен ғылыми жарияланымдар, докторанттарға ғылыми кеңес беру, профессор-оқытушылар құрамы мен студенттердің академиялық ұтқырлығы саласындағы әріптестік қатынастарды дамытуға назар аударды.

Еуразия ұлттық университетінің білім беру процестерін цифрландырудағы тәжірибесі Мәскеу мемлекеттік Халықаралық қатынастар институтына қызығушылық танытты, онда ЕҰУ ғалымдары жұмыс сапарының алғашқы күні болды.

Сонымен қатар, кездесу барысында ресейлік әріптестердің қызығушылығын «Трансшекаралық аумақтардың экономикасы» және «Аймақтану» бойынша қос дипломды бағдарламалар да тудырды.

«МИЭТ» ҒЗУ өкілдерімен кездесу барысында магистратураның «Радиоэлектрондық аппаратураны жобалау және құрастыру» екі дипломды білім беру бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді. Ғылыми гранттарға бірлесіп қатысу, бірлескен ғылыми жарияланымдарды ұйымдастыру, Еуразия ұлттық университетінің ғылыми журналында «МИЭТ» ҒЗУ ғалымдарының жарияланымдары туралы мәселелер талқыланды.

Сапар аясында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Мәскеу мемлекеттік тамақ өнеркәсібі университеті ынтымақтастық және әлеуметтік әріптестік туралы негіздемелік келісімге қол қойды.

Құжатқа «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов және Мәскеу мемлекеттік тамақ өнеркәсібі университетінің ректоры Михаил Балыхин қол қойды. Іс-шара Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ делегациясының 2021 жылғы 19 сәуірде Мәскеуге барған сапары аясында жүзеге асты. Екі жақты келісім жоғары білікті мамандарды даярлаудың тиімді жүйесін ілгерілетуге, бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және білім беру жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға бағытталған.

ЕҰУ делегациясының жұмыс сапарында ресейлік жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірқатар кездесулер, сондай-ақ «Ресей мен Қазақстан: стратегиялық әріптестік пен жан-жақты ынтымақтастықтың 30 жылы» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысу да жоспарланған.

ЕҰУ-нің Ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *