ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТПЕН ЖҮЗДЕСУ

Әдебиет
1 329 Views

Шымкенттегі Александр Сергеевич Пушкин атындағы Түркістан облыстық ғылыми-әмбебапкітапханасының ұйымдастыруымен жазушы, драматург, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі, Ордабасы ауданының Құрметті азаматыЗахардин Қыстаубайұлының шығармашылығына арналған кездесу кеші өткізілді.Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының Түңғыш Президенті – Елбасы НұрсұлтанӘбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Қаламгермен қауышу» жобасы бойынша жүзеге асырылған болатын. Кешке журналист, ақын, аудармашы, Қазақстан Журналистер және Халықаралық Жазушылар одақтарының мүшесі Әбдісаттар Әліп модераторлықжасады.Алдымен жазушы Захардин Қыстаубаев сөз сөйлеп, қазіргі әдебиет пенжурналистиканың жай-күйіне тоқталды. Оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарғажауап қайтарды.

Басқосу барысында жазушы, журналист Слам Нұрмағанбетов, жазушы Тұңғышбай Төрегелдиев, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Сарманбай Исақ, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Нұрхан Сұлтанбайұлы Топанби, әдебиет сыншысы Жадыра Оразәлиева, журналист Қуанышбек Ботабеков сөз сөйлеп, санқырлы қаламгердің шығармашылығы жайлы сөз етті. Соңғысы журналистика мен жазушылық қызметте өзінің жарқын жолын сала білген қаламгерді мемлекеттік марапатқа ұсыну керектігін тілге тиек етті. Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттері – Нұрила Сәкенқызы, Айнүл Қапаш кеш иесінің «Ұлт ұстазы» атанған Ахмет Байтұрсыновтың «Мен қазақпын» өлеңінің аудармасын, Тұтқабай Иманбековке арнаған «Ойсырап тұр орыны Тұтқа ағаның» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Осы жоғары оқу орнының тағы бір студенті Нұрсұлтан Құтжан «Туған жер», «Жаса, Қазақстан!» әндерін орындады.

Соңында кеш өткен құтхананың директоры Шәрбану Алмағанбетқызы Дәнәсілова қорытынды сөз сөйлеп, кеш иесіне естелік сыйлық («Алтын арғымақ») тапсырды. Өз кезегінде Захардин Қыстаубайұлы бір топ студенттерге Алғыс хат тапсырды.

Ә. ДОСЫБЕК.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *