«ЖАСТАР ДЕНСАУЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ» ЖАУАПТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

Денсаулық
528 Views

Шымкент қаласындағы №6 емханада «Жастар денсаулық орталығы» белсенді жұмыс істеп тұр. Бұлхалықаралық стандарттарға сәйкес және бәсекелестік орта талаптарына жауапберетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелерінде жастарды даярлаубойынша білім беру — практикалық орталығы.

Орталықтың мақсаты – 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 18-29 жас аралығындағы жастардың денсаулығын сақтау және нығайту. Қазіргі жасөспірімдер мен жастар денсаулығын күте білмегендіктен, дұрыс тамақтанбау, салауатты өмір салтын ұстана алмағандықтан денсаулығында кінәрат пайда болады. Кейін бұл олқылық отбасылық өмірде де орны толмас өкінішке ұрындырады. Мәселен, ерте жүктіліктің алдын алмау, адам өмірін ойрандап қоймай, жастардың психологиясына, әрі қарай да денсаулығына кері әсер беретіні шындық. Сондықтан орталық — жасөспірімдер, жастар үшін психологиялық қолайлы жағдайлар жасау, жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, өскелең ұрпақтың ұрпақты болу денсаулығын қорғау және қауіпті мінез-құлқының алдын алу, сондай-ақ отбасында, қоршаған ортада туындайтын проблемаларды шешу болып табылады.

Консультациялық, заңдық, медициналық психологиялық көмек көрсету; жыныстық және эмоционалдық мәдениет, ЖЖБИ, ЖИТС және жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу саласындағы әлеуметтік-құқықтық білім деңгейін арттыру да орталықтың бір міндеті. Қауіпті жағдайларды азайту үшін саналы, жауапты және қауіпсіз жыныстық мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру керек.

Сондай-ақ, лайықты мінез-құлық дағдыларына үйрету (теңдік, сыйластық, өзара түсіністік, жағдайды бағалай білу, жанжалсыз болу); отбасылық өмірге дайындықта жауапты әріптестікті (әке болуды) қалыптастыру; жасөспірімдер мен жастарды ұрпақты болу денсаулығын, сексуалдық және ұрпақты болу мінез-құлқын қорғау мәселелерінде қазіргі заманғы біліммен қамтамасыз ететін ақпараттық қызметтер көрсету, сенімді және қауіпсіз контрацептивтік құралдарды пайдалану, қаламаған жүктіліктің алдын алу үшін көмектеседі.

А.ДОСЫБЕКОВА,

№6 емхананың СӨСҚ дәрігері

Шымкент қаласы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *