«ЖЕТКЕН ЖЕТІСТІКТЕРІМІЗДІ КӨЗДІҢ ҚАРАШЫҒЫНДАЙ ҚОРҒАЙ БІЛУІМІЗ КЕРЕК»

Ақорда
564 Views

ҚазақстанРеспубликасының Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIX сессиясы өтті. Сессияда сөйлеген сөзінде Нұрсұлтан Назарбаев 30 жыл бұрын көпұлтты әрі көпконфессиялы Қазақстан халқы маңыздытаңдау жасап, болашаққа бірлікпен, татулық және келісіммен бет бұрғанынатоқталды.

– Бұл бізге мемлекеттілігімізді құруға қолайлы жағдай жасап, Қазақстанның қазіргі келбетін қалыптастыруға қажетті мол ресурспен қамтамасыз етті. «Біз, ортақ тарихи тағдыр біріктірген Қазақстан халқы» деп басталатын еліміздің Конституциясы оған негіз болды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмысын жақсартудағы жетістіктерін айтты.

– Қазіргі нарықтық экономиканы жаңадан құрдық, іргелі реформалар табысты жүзеге асты. Соның арқасында Қазақстан әлемдегі дамыған 50 мемлекеттің және табыс деңгейі орташадан жоғары елдердің қатарына қосылды. Еліміз жаһандық ұлттар қоғамдастығының беделді әрі сенімді мүшесіне айналды – көк туымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының штаб-пәтерінде желбіреп тұр. Біз халықаралық аренада өзіміздің ұлттық мүдделеріміз бен басымдықтарымызды жүйелі түрде қорғап келеміз. Қазақстанның мемлекеттік шекарасы заң жүзінде бекітіліп, оны әлемнің барлық елдері мойындады, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы Қазақстанның ядролық қарусыздану және оны таратпау саласындағы көшбасшылығы әлемдік қоғамдастыққа адамгершіліктің жаңа стандартын әкелгенін атап өтті. Сонымен қатар еліміз бастамашы болған Еуразия экономикалық одағы, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі, Түркі кеңесі, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сияқты интеграциялық жобаларға ерекше назар аударылды.

– Көпвекторлы саясаттың арқасында біз ынтымақтастық пентатулықты қамтамасыз етуге бет бұрған бейбітсүйгіш ұлт ретінде танылдық.Тәуелсіздік Қазақстан үшін әділдік орнаған айтулы кезеңге айналды. Өз тағдырынөз қолына алған қазақ халқы ұлттық рухы мен төл тарихын қайта түлетті. Біз Ұлыдала мәдени мұрасының баға жетпес қазынасын жандандырып, әлем жұртшылығынаұсындық. Ол барша адамзат игілігінің ажырамас бөлігіне айналды. Мұның бәрітарихи мәні зор оқиға екені анық. Екі жылдан астам уақыт ішінде бой көтерген Түркістан қаласы еліміздің зор мүмкіндіктерінің тағы бір айғағы болды, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті бүгінде Қазақстан жауапты жаңа кезеңге аяқ басқанын атап өтті. Бұл пандемия мен жаһандық экономикадағы дағдарыс құбылыстары күшейген, сондай-ақ әлемдік көшбасшы елдердің геосаяси бәсекеcі шиеленіскен кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр.

– Осы және басқа да қолайсыз жағдайлар мемлекетіміздің дамуына теріс әсерін тигізбей қоймайды. Бұл орайда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жақты ойластырылған сындарлы саясат жүргізіп жатқанына сенімдімін. Мұны бәріміз қолдауға тиіспіз. Ол барлық қазақстандықтардың мүддесіне және ұлтымызды одан әрі дамыту мақсаттарына қызмет етеді, – деді Елбасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті халқымыздың бақуат өмір сүріп, еңбек етіп, болашағын құрып жатқаны татулық пен келісімнің арқасы екенін атап өтті.

– Ең бастысы – жеткен жетістіктері-мізді көздің қарашығындай қорғай бі-луіміз керек. Баршамыз бүкіл қоғамның мүддесі жолында жұмыла білсек қана еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті сақ-тап қаламыз. Біз Қазақстан қоғамының сыртқы күштердің әсерінен шайқалуына жол бермеуіміз керек, – деді Елбасы.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның барша мүшелеріне ұйымның елді дамыту бағытына ұдайы қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Өз кезегінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевқа «Қазақстан халқы Ассамблеясының Құрметті Төрағасы» мәртебесін беруді ұсынды.

Elbasy.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *