КІТАПХАНА – ЗАМАНАУИ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ

Әдебиет
2 138 Views

Еліміздің өңірлерінде «Нұр Отан» партиясының «Кітапхана – заманауи білім орталығы» жобасы аясында кітапханаларды тек кітап оқитын қызмет көрсету меке­ме­сі ғана емес, тұр­ғын­дар үшін зияткерлік дем­алыс орнына айналдыру мақсатында «коворкинг» орталықтары ашылуда. Ковор­ки­нг орталықтарының ашылуы – кітапхананың қызмет көрсету деңгейін еуропалық тәжірибеге не­гіздеу мақсатында қолға алы­нуда.

Тарихқа көз жүгіртсек, Египеттегі Александрия кітап­ха­насы – философтар мен ма­те­матиктерге сол заманда білім орталығы болған екен. Коворкинг – компьютерлік техникамен толық жабдықталған жұмыс орындарының жиынтығы. Алғашқы коворкинг-орталық 2005 жылы АҚШ-та ашылған. Ал Ресей мен ТМД елдерінде коворкинг соңғы бір-екі жылда ғана еніп отыр. Сондай-ақ, коворкинг орталықтарды жастардың заманауи орталықтарымен интеграциялау, мысалы, бізде жоспарланғандай, білім орталықтарымен ұштастыру да жақсы үйлесім табуда. Коворкингтің түрлері: біріккен-офистік, шығармашыл, балаларға арналған және қолөнерге арналған. Ресей мен ТМД елдерінде негізінен осы төрт түрі кеңінен таралған:

  1. Біріккен – офистік жұмысқа арналған коворкинг орталықтар. Бұл ең кеңінен тараған түрі, онымен негізі кәсіпкерлер мен фрилансерлер қолданады. Мұндай орталықтар әдетте офистік жиһазбен, компьютерлік және тұрмыстық техникамен жабдықталады.
  2. Шығармашыл – тігін ісіне арналған киім тігу мен жөндеуге арналған ашық шеберхана түріндегі коворкинг орталық.
  3. Балаларға арналған – аты айтып тұрғандай, кішкентай оқырмандарға қызмет көрсетеді.
  4. Қолөнер – бұл қолөнерге арналған, хенд мейд, үйірмелер, тағы басқалар.

Енді біздің оқырмандарымыз мұнда кітап оқумен ғана емес, өздерінің жеке шығармашылық жұмыстарымен айналысуға болады. Әртүрлі ғылыми жобаларды бірлесе отырып жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, ғаламтор желісін пайдалана отырып, теледидар арқылы өздеріне қажетті дүниелерді тамашалай алады.

Классикалық кітап­хананы жастардың коворкинг орталы­ғымен ойдағыдай үндестіре білу керек. Кітапханада «Ақерке» балалар залы – сол коворкинг орталығының бастамасы сынды. Балалар оқиды, ойнайды. Теледидар көреді, демалады, сурет салады.

Біз кеңіс­тікті заманауи және жайлы жасауымыз қажет. Екі үлкен залға бөлінген кітапхананың бір жағы – тыныштық аймағы деп аталады. Мұнда Сізге ешкім кедергі келтірмейді. Тіпті, бөлек отыратын арнайы орындар да бар. Ал екінші бөлігі белсенді оқырмандарға арналған. Жұппен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін конференц зал, презентация өткізуге болатын медиа­тека жасалуы қажет. Мұнда оқырман қажетті ақпарат­ты алып қана қоймай, өз пікірімен бөлісіп, оны талқылай алады

Оқырмандарға ыңғай­­лы болу үшін тамақтану бөлмесі де жұмыс істейді. Кітап­ханада кітаптардан бөлек электронды ақпаратпен жұмыс істеуге, жаңа шығар­малармен танысуға, деректі және ғылы­ми-танымдық фильмдерді көруге мүм­кіндік беретін заманауи «Open space» орталығы ашылады. Сонымен қатар кітап­хана жоғары жылдамдықтағы WІ-FІ желісіне және Бірыңғай онлайн кітапханасына қосылады. «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасына сай кітап­хананың барлық кітап қоры сана­лып, электрондық форматқа көшеді.

Зылиха ЖАНТАСОВА,

облыстық «Отырар»

ғылыми-әмбебап кітапханасының

ғылыми хатшысы,

филология ғылымының кандидаты.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *