«МЫҚТЫ ОТБАСЫ – МЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТ»

Қоғам
251 Views

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Келес ауданында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Оспанов арнайы іссапармен келді.

Кездесуге Келес ауданы әкімінің орынбасары А.Сексенбаев, Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Р.Тұңғышбаев, Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Н.Нұрашов, Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры А.Ниязов, аудандық мәслихатының депутаттары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауылдық округі әкімдері, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және БАҚ өкілдері қатысты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Сексенбаев жүргізіп, ұйымдастырылған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, жиналысты ашық екенін жариялады.

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Е.Оспанов Мемлекет басшысының жолдауының ең басты бағыттарың бірі, жаңа әлеуметтік саясат: мықты отбасы –мықты мемлекет тұжырымдасын кең ауқымды түсіндіріп, жаңа міндетке азаматтардың жекелеген осал санаттарын қолдау қазақстандық отбасын нығайту үшін базалық жағдайлар жасау мақсатында көрсетілген бағыттарды атап көрсетті.

Жиын соңы сұрақ-жауап форматында жалғасып, аудандық тиісті дербес бөлім басшыларының, ауыл, ауылдық округі әкімдері тұрғындар тарапынан көтеріліп жатқан сұрақтарды жолдап, жауаптарын алды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *