МҮМКІНДІКТЕР АЛАҢЫ – МЕКТЕП ЖАСТАР ЛИГАСЫ

Жастар
853 Views

Кәмелетке толмаған жастар жеткіншек жасында болғандықтан өмірінің осы кезеңінде көптегенқиындықтарға душар болады. Әсіресе отбасындағы қиындықтар, мектептегі немеседостарымен келіспеушіліктер болғанда стреске тым бейім болып, бұрыс жолға түсіпжатады. Адам үшін осындай эмоционалды-құбылмалы кезеңде жас ұрпақтың энергиясындұрыс салаға, дұрыс бағытқа бұру болашақта көңіл қуантар нәтижеге алып келеді.Қолының бос қалғандығынан гаджеттерге тәуелді болып, ойын-сауық клубтарынжағалау әрекетінің алдын алу үшін баланың назарын өзін-өзі дамыту, қоғамғапайдасы бар іспен айналысуға бұру керек. Осы орайда қаламызда жақында ғанаашылған, өз кезегінде мұндай ұйымның алғашқысы болған – мектеп жастар лигасыбар. Бұл лиганың ашылу салтанаты Жастар ресурстық орталығында өткен еді.

Жобаның ашылуына Шымкент қаласындағы 140 мектептің көшбасшылары шақырылды. Жандос Қалтаев, Бауыржан Молдабек сынды азаматтар жастарға мотивациялық сөз сөйледі. Жобаны өз қолына алып, жұмыс атқарып келе жатқан – Жазира Әзімханқызы.

Лига мақсаты – оқушылардың түрлі салаларда дамуын қамтамасыз етумен қатар мектеп жасындағы өзін-өзі басқару ұйымдары көшбасшыларының басын бір ортаға жұмылдыру болатын. Сондай-ақ оқушылардың мәдениетін дамытуға, спортқа деген ұмтылысын арттыруға, білімін жетелеуге, бос уақытын дұрыс пайдалануға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру да көзделген.

Мектеп жастар лигасын ұйымдастырушылардың бірі – Дана Базарбаева:

— Қазіргі таңда студенттермен көптеген волонтерлық акциялар жүреді. Ал оқушыларға көп басымдылық берілмейді. Соны ескере отырып, Мектеп жастар лигасын құрдық. Мұндағы мақсат – Шымкент қаласындағы мектептердің көшбасшыларын жинап, біріктіру. Мектеп жастар лигасы бір топта жұмыс істеумен қатар олардың волонтерлық және көшбасшылық қасиеттерін дамытуға жұмыс жасайды, – деп атап өткен еді.

Тәртіп бойынша, Мектеп жастар лигасының мүшелері өз ұсыныстары мен ұйымдастыратын шараларын қалалық Жастар ресурстық орталығына бағыттайды. Ашылу салтанатына жиналған белсенді оқушылар лига қатарына тіркеліп үлгерді. Ниеттері – бос уақытын тиімді пайдаланып, көшбасшылық қабілетін жетілдіру.

Гүлнұр БАЙДУЛЛАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *