ОНЛАЙН РЕЖИМДЕГІ БАҚЫЛАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ МОЛ

Экономика Қоғам
819 Views

2018 жылғы 23 желтоқсанда ҚР Қаржы министрлігінің 2018 жылғы 27 қарашадағы №1029 бұйрығы күшіне еніп, 2019 жыл аралығында ақшалай есеп айырысулар кезінде деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері ұлғайтылды. Атап айтқанда, 2019 жылдың әр тоқсаны сайын онлайн БКМ қолдануға 633 қызмет түрлері қосылады:

— 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап 323 қызмет түрлері бойынша;

— 2019 жылдың 1 шілдесінен бастап 86 қызмет түрлері бойынша;

— 2019 жылдың 1 қазанына бастап 224 қызмет түрлері бойынша.

Осылайша, 2019 жылы онлайн БКМ қолдануға барлық қызмет түрлері толығымен қосылады. Онлайн БКМ қолдану бойынша ережелерi қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде орналасқан салық төлеушілерге қолданылмайды.

Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібі ҚР Салық кодексінің 166 бабымен реттеледі. Қазақстан Республикасының аумағында ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналары мiндеттi түрде қолданыла отырып жүргiзiліп, келесі тұлғалардың ақшалай есеп айырысуларына қолданылмайды:

1) жеке тұлғалардың;

2) адвокаттар мен медиаторлардың;

3) қызметін:

P 2020 жылдың 1қаңтарына дейін патент негізінде арнаулы салық режимiн қолдана отырып;

P 2019 жылдың 1қаңтарына дейін ашық сауда базарларының аумағындағы стационарлық емес сауда нысандары арқылы шағын бизнес субъектiлерi үшiн арнаулы салық режимi шеңберiнде;

P 2020 жылдың 1қаңтарына дейін арнаулы салық режимі қолданылатын қызмет бойынша бірыңғай жер салығын төлеу негізінде осы арнаулы салық режимі шеңберінде жүзеге асыратын дара кәсіпкерлердің (акцизделетін тауарларды өткізушілерден басқа);

4) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдау бойынша халыққа қызметтер көрсету бөлігіндегі;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің;

6) екінші деңгейдегі банктердің.

Аумағында ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктері туралы ақпарат ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің http://kgd.gov.kz/ru/content/primenenie-kontrolno-kassovyh-mashin-1интернет-ресурсында орналастырылған.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті, облыс аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын тұлғалардың қолданыстағы ҚР Салық кодексінде белгіленген міндеттерінің толық және уақытылы орындай отырып, тізбеге енген тұлғалар белгіленген мерзімде онлайн режимдегі бақылау-касса машиналарын қолданулары тиіс. Департамент тарапынан салық төлеушілердің салық заңдылығының сақталуын қадағалау мақсатында тақырыптық (рейдтік) тексерулер жоспарлануда. Сондықтан барлық салық төлеушілерді салық заңнамасының талаптарын толық орындауға шақырамыз.

С. ӨМІРЗАҚОВА,

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің

түсіндіру жұмыс басқармасының бас маманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *