ПРЕЗИДЕНТТІК ЖАСТАР КАДРЛЫҚ РЕЗЕРВ ЖАСАҚТАЛУДА

Жастар Қоғам
827 Views

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттіккадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялағаны баршаға белгілі.

Президент тарапынан Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы бастаманың бас үйлестірушісі болып табылады.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдауды бастады.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады. Олардың жалпы саны Қазақстан бойынша 300 адамды құрайтын болады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет:

— кандидаттардың теориялық білімдерін тестілеу;

— көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құндылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту, бағалаудың тағы басқа да құралдары);

— Президент Әкімшілігінің Сарапшылық комиссиясында әңгімелесу;

— Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Биылғы Жастар жылында жастарға осындай қолдау мен қамқорлық жасалып отырғаны қандай қуанышты. Енді олар бұл мүмкіндікті тиімді пайдалана білуі керек.

Зерек МҰРАТБЕКҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *