ТЕРІСКЕЙДІҢ ҚЫСЫ ДА ЖҰМСАРЫП КЕЛЕДІ…

Саясат Қоғам
726 Views

Бүгінгі таңда мемлекеттік субсидияны тиімді пайдаланып, жаңа қоныс аударған жерлестерімізкөп. Жалпы, ішкі көші-қон мәселесі тиімді шешім болуы рас мәселе. Әсіресе Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударып жатқан жас отбасылар көптеп кездеседі.Оңтүстік тұрғындары жаңа орынға тез бейімделіп, мұнда өз ісін әрі қарай дажалғастыра алатынына бүгінге көзіміз анық жетіп отыр. Халқы сирек Солтүстік тұрғындарыныңкөптігі басқа өңірлермен салыстырғанда бәсекелестік тұрғыдан артық болып тұр.Ал бұл республикамыздың басқа өңірлеріндегі еңбек ресурстарының жеткіліксізмәселесін шешуге де ықпал етеді.

Біз Түркістан облысы Сарыағаш ауданынан, Солтүстіктегі Булаева қаласындағы Полтавка ауылына көшіп барған Салтанат Асановамен ұялы байланыс арқылы хабарластық. Салтанат ханымның айтуынша бұдан 7 жыл бұрын осы өңірге 2 отбасы болып түскен екен. Жолдасы Мұратқали Асанов әне алты баласымен қоныс аударған ананың солтүстіктегі жағдайы жақсы екен. Бес ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған жанұяның 1999 бен 2000 жылғы екі ұлдары колледжді бітіріп, әскерде өз борыштарын өтеп келіпті. Ал 2002 жылғы баласы, қазіргі Петропавлск қаласындағы “Манаш Қозыбаев атындағы университетінің” 2 курс студенті. Екі кіші ұлдары 11-ші және 5-ші сынып оқушылары. Үйдің кенжетайы Керемет осы жылы мектеп табалдырығын аттамақ. Күйеуі Мұратқали бүгінгі таңда “Алтын астық” компаниясында механизатор болып қызмет атқарса, Салтанат ханым мектепке вахтерша маманы ретінде жұмысқа тұрыпты. Шыны керек, әдетте оңтүстіктің халқы солтүстіктің ызғарлы аязына бейімделе алмаймыз деп қорқа береді. Дегенмен төзімді халық мұны да еңсеретіні сөзсіз. Дәл осы сияқты бұл жанұяда, көшіп келген өңірдің климатына үйрене алмапты. Уақыт өте келе салқынға үйреншіктеніп кеттік дейді.

Қайтарымсыз грантқа мал шаруашылығы алынып, ұсақ малдың басын көбейту арқылы, бұл кәсіпті тиімді пайдаланып отыр. “Келешекте солтүстіктен келін алып,өсіп-өніп осы жақтағы халық санын көбейткіміз келеді” — дейді Салтанат ханым. Ал, солтүстіктің салт-дәстүр жағына келетін болсақ, оңтүстіктен сәл өзгешелеу болғанымен қазақи салтты жақсы ұстанып, құран оқытып тұрады. Оңтүстіктен көшсем ба, жоқ па деп ойланып жүрген жерлестеріне Салтанаттың айтары “Қорқудың еш себебі жоқ, осыдан бұрын 6-жеті жылға қарағанда біршама көбейіп қалдық” дейді.

Әрбір адам ерінбей еңбек етсе көп жетістікке жете алатыны анық. Жүрексінбей көшіп келуге, мемлекеттен жақсы жағдайлар жасалып, жас отбасыларды үймен, жермен, жұмыспен, кәсіппен қамтамасыз етіп келеді. “Әлің барда еңбек ет, еңкейгенде емерсің” демекші, жұмыс істеймін дегенге екі қолға бір күрек табылары анық. “Қысы суық деп көшуге қорықпаңыздар, себебі оңтүстіктен көшіп келгендер көбейген сайын бұл өңірдің қысы жылы болып жатыр”- деген Салтанат ханым, еш қиындыққа мойымай, талаптанып алға жылжу керек екенін түсіндірді.

Анита АСҚАРҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *