ТІЛ МЕН ЖЕР – ҰЛТ БАЙЛЫҒЫ

Саясат
907 Views

Мемлекет басшысы Қ-Ж.К.Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы Жолдауын бір деммен оқып,таныстық. Ел Президенті халықпен тиімді кері байланыс орнатуды тапсырды.Мемлекеттік органдар үшін қоғаммен диалог құру, адамдардың қажеттіліктерінескеріп, дер кезінде жауап беру – олардың қызметінің негізгі басымдығы. Бұлтуралы ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан да айтылған болатын. Осымақсатта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде жақынкүнде Call-орталық ашылмақ.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев салып кеткен сара жолды одан әрі жалғастырып, жаңашылдықпен сабақтастыруды басты мақсат еткен Қ-Ж.К.Тоқаев «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажеттігіне» тоқталды. Этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай отырып, ана тіліміздің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлінің күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын уақыт жеткенін Президент Жолдауынан есту қазақ тілінің мәртебесін асқақтатты. Өз Отанымызда туған тілдің туын биікке көтеру алдымен Сіз бен біздің, бүкіл ұлттың, жалпы қазақстандықтардың тұтастай ана тілінде еркін сөйлеуіне, іс-қағаздарының тек қана қазақ тілінде жүргізілуіне толықтай көшуіне байланысты деп есептейміз.

Келер жылы аталып өтетін мемлекеттік маңызы бар Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын тәрбиелік-тәлімгерлік сипатта, жоғары дәрежеде ұйымдастыру, тұлғалардың артында қалған әдеби мұрасын жан-жақты насихаттау– рухани жаңғыру жолындағы ұлы дала ұрпақтары үшін тарихи мәні бар айтулы шара болғалы отыр. Аталмыш іс-шараларға дайындықты ОҚМПУ ұжымы өткен оқу жылынан бастап кеткен.

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Жер мәселесі – қазақтың тірі я өлі болуының мәселесі» деген сөзі бүгін де маңызды. Оған Әлихан Бөкейханның «Жер десе дірілдемей болмайды: жер мәселесі – өмір сүру мәселесінің зоры» дегенін қосыңыз.

Елім деген барлық азаматтың көптен бері көкейінде жүрген түйткілді Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың алғашқы Жолдауында айтқан «Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді» деген сөзі шешіп берді. Жерін сүйер, елін сүйер азамат ретінде бұл мәлімдеме мені зор қуанышқа бөледі.

Баршагүл ИСАБЕК,

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық

университетінің ректор міндетін атқарушы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *