“ТҮРКСОЙ” ҰЖЫМЫНА – ҚҰРМЕТ

Мерей
11 Views

Қазақстанның жоғары мәртебелі марапаттарының бірі — “Құрмет” мемелекеттік орденімен халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы ТҮРКСОЙ-дың Қазақстандағы өкілі Нышанқұл Қаратаева наградталды.

Иә, Қазақстан Республикасы мәдениет пен өнер, ғылым мен білім, экономика салаларындағы елеулі үлес қосқан мамандар мен мемлекеттік қызметкерлерге табысталды “ҚҰРМЕТ”ордені елдің өркендеуі мен мәдени мұрасына қызмет етіп жүрген тұлғаларды ұлықтады. Жас ұрпақты тәрбиелеуден бастап қоғамдық жобаларға дейінгі кең ауқымды табысқа жеткен белсенділер мен мемлекет қызметкерлергіне берілетін бұл жоғарғы марапат “ТҮРКСОЙ” Халықаралық ұйымының Қазақстандық өкілі,тәжирбелі дипломат Нышанкүл Қансеит қызына табыс етілді. Қазақстан дипломатиясының көрнекті өкілдерінің бірі Нышанкүл Қаратаева Қазақстан Республикасының ТҮРКСОЙ жанындағы тұрақты өкілі қызметін атқарады. Дипломат, мәдениеттанушы Нышанкүл Қаратаева Түркі әлемінің мәдени ынтымақтастығын дамытуға бағытталған халықаралық жобаларды үйлестіреді және Қазақстан атынан ресми іс-шараларға қатысып, сөз сөйлейді.  

Ол 2025 жылы Алматыда өткен ТҮРКСОЙ-ға мүше елдердің опера және балет театрлары директорлары кеңесінің отырысын ашып,ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың құттықтауын жеткізген. 2026 жылы Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева атынан алғыс хат алды, бұл марапат оның “Ақтау-Түркі әлемінің мәдени астанасы 2025” жобасына қосқан үлесі үшін берілген. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев Нышанкүл Қаратаеваның осы мемлекеттік марапатқа ие болуына байланысты ұйым атынан үлкен мақтаныш сезімін білдірді.

Бас хатшы С.Раев: ”Қазақстандағы өкіліміз Нышанкүл Қаратаеваның Республиканың мәртебелі марапаттарының бірі ”Құрмет” мемлекеттік орденіне лайық деп танылып баршамызды ерекше қуантты. Ол тек өз елінің дамуына ғана емес сонымен қатар Түркі әлемінің мәдени ықпалдастығына, өнердің кеңінен насихатталуына және ортақ мәдени мұрамыздың сақталуына өлшеусіз үлес қосып келеді бұл орден-оның мәдениет пен өнер саласындағы табанды және жанкешті еңбегінің айқын көрінісі”,-деді Түркі әлемінің үлкен қайраткері Сұлтан Раев.

Каспий теңізі жағасындағы әсем қала Ақтау есімі бүкіл Түркі дүниесіне, жарты әлемге танылды. Шарада Қазақстан үкіметі басшысының орынбасары, Мәдениет және ақпарат министірі Аида Балаева мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтің құттықтау хатын оқыды. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев құттықтау сөз арнады. Халықаралық фестивальға ТҮРКСОЙ-ға мүше мемлекеттер: Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Әзербайжан елдерінің мәдениет министрлері, атақты өнер адамдары, 150 мыңнан астам адам тамашалады Түркі әлемі өнерінің жарық жұлдызы, мәдениет елшісі Димаш Құдайберген ән шырқады, мұндай басқосу Қазақстан жерінде бұрынды соңды болмаған еді. Өткен жылы Астанада дүниежүзілік дін басшылары құрылтайында Қазақстан Президенті Қасым — Жомарт Тоқаев ТҮРКСОЙдың Бас хатшысы, халық жазушысы Сұлтан Раевқа “ҚҰРМЕТ” орденін өз қолымен кеудесіне таққан еді. Құтты болсын!

 Биыл 2026 жыл Түркі дүниесінің мәдени астанасы болып Өзбекстандағы Әндіжан қаласы белгіленді, яғни Ақтаудан Әндіжанға эстафета таяқшасы табыс етілді. ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев бастаған топ бүгінде Өзбекстан төрінде. Іске сәт, ТҮРКСОЙ. Түркі әлемінің мәденитеті мен өнері мәңгі жасасын!

 

Ержан УӘЙІС,

«Әділеттің» Түркиядағы арнаулы тілшісі

 Ыстанбұл қаласы