ШЫМКЕНТ-ЦИРК ШИРЫҒУДА

Өнер
1 252 Views

Құрылғанына сегіз-ақ жыл болған Шымкент-Цирк ұжымы талантты жастардың басын қосып, ғажайыптар мен көңілді сәттердің жиынтығы бола алатын бағдарламалар дайындап,шығармашылық үрдісті үдете алуымен көрерменін әбден үйретіп алғандай. Небіртамаша акробаттар, гимнастар, күштік аттракцион марқасқалары, әуеде еркінқалқитын гимнастар, вольтижерлер, катушка үстінде тепе-теңдікті сақтай отырып,эквилибрдің небір нұсқаларын көрсете алатын арена шеберлерін тәрбиелеп шығарды.Ал керілмелі арқанда (канат) бірнеше қабат биікте жүріп өнер көрсететіндер, желжетпес тұлпарлар үстінде жұрт жағасын ұстайтындай күрделі элементтерді орындайтынжігіттер (оған қазір қыздар тобы да қосылуда) ойындары қандай!? Шапито, яғнижылжымалы цирк, жабық шатыр астында өнер көрсету мүмкіндігі туғалы цирктіңтолыққанды ойындарын алыстағы аудан көрермендері де көре бастады. Жаскөрермендерге, әсіресе цирктің жануарлар паркі қызықты; үйретілген иттерденбастап жылқы, жыртқыштардан — аю, тіпті, аң патшасы — арыстан да Шымкент-Цирктеөнер көрсетеді.

Ұжымның шығармашылықты дамыту бөлімінің жетекшісі Қ.Ізтілеуовтың айтуынша, Ә.Серікбаев, Қ.Дүйсеқұлов, Е.Викторова, Ә.Шәмшиев жануарлар тілін жап-жақсы меңгеріп, өздерінің серіктестері – жануарларға айтқанын орындатады. Ал Ж.Қалметова – қазіргі таңда қазақ циркінде арыстандармен жұмыс істейтін бірегей қыз. Биылдың өзінде Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай, Шардарада өнер көрсеткен Шымкент-Цирк бүгінде жаңажылдық қызғылықты, иллюзиялық нөмірлерге толы бағдарлама дайындауда.

Цирктің дайындық алаңында манеж инспекторы, шебер маман М.Бегалиев жонглерлық өнердің қыр-сырын, гимнастикалық элементтердің техникасын, әуе гимнастикасын жасаудағы кәсіптік құпияларын жайып салып, жаттығулар жүргізуде. Ол кісімен сөйлескенде цирк әртістері сахналық вариантта бала бақша, мектептерге барып, жинақы түрде өнер көрсететінін білдік. Шапито – өз алдына бір театр, цирк. Стационарда, яғни, орталық алаң – манежде, негізінен цирктің барлық алғышарттары қаралған, қажет құрылғылар жеткілікті. «Байқоңыр», «Серіппелі тақтайлар», «Семафор», қанат, шабандоздар секілді нөмірлер қай цирктің болмасын алтын қорынан табылатын нөмірлер. Оны орындап жүрген біздің әртістеріміз де қандай марапаттарға болсын лайық. Цирк әртістері өңірдің, қаланың мәдени-көпшілік шараларынан сырт қалмайды.

Цирктің директоры, білгір басшы Арман Әлиев іс тетігін біледі. Оның мәртебелі халықаралық фестивальдің қазылар алқасы құрамында болуы — соның айғағы. Қазір цирк 2020 жылы Шымкенттің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы мәртебесіне орай фестиваль өткізуге дайын екенін көрсете алады. Ендеше, циркте кездескенше, достар!

Aсқар ӘЛІХАН,

мәдениет саласының майталманы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *