ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ СОТЫНДА ФРОНТ-КЕҢСЕ АШЫЛДЫ

Қоғам
734 Views

Шымкент қалалық сот ғимаратында «Кедергісіз» құқықтық көмек көрсететін фронт-кеңсенің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Шымкент қалалық сотының төрағасы Ербол Рахымбеков пен сот ардагері Мейірхан Тәңірұлы лентасын қиған фронт-кеңсенің жұмысы бірінші кезекте өңір халқыныңнақты сұраныстарын орындауға бағытталады. Мұнда кез келген азамат толық көлемдеқұқықтық қызметтерге қол жеткізе алады. Фронт-кеңседе қызмет көрсетудің қазіргізаманғы стандарттары ескерілгендіктен өте ыңғайлы. Оның қызметкерлері өзаракеліспей қалған азаматтардың татуласуына ықпал етіп, «Сот кабинетінің» жұмысытуралы түсіндірме береді, сондай-ақ арыздарды тіркеуге көмектеседі.

Кеңсе алты аумақтан тұрады. Мұнда прокурор, медиатор және адвокаттардың қызмет көрсететін бөлмелері және ақпараттандыру және татуластыру, өз-өзіне қызмет көрсету және балаларға арналған бұрыштар бар.

«Фронт-кеңсе соттың ашықтығын қамтамасыз етіп, қала тұрғындарының сот төрелігін жедел жүзеге асыруды іске асырады. Мұнда арызданған азаматтар уақытын жоғалтпай, нәтижелі ақпарат алуға барлық мүмкіндік жасалған», – деді Соттар әкімшісінің басшысы Нұрсұлтан Байтілесов.

Фронт-кеңсе халыққа қызмет көрсетудің заманауи стандарттары ескеріле отырып жабдықталған кең залда жайғасқан. Кеңсе хай-тек үлгісінде, жайлы да ашық кеңістікке басымдық беріле отырып безендірілген. Кіреберіс кеңістікті қайта ұйымдастыру тұрғысындағы мұндай – «кедергісіз» ұстаным көзқарасы ашықтық пен қолжетімділікті, сотқа келушілерге қолайлы жағдай жасауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл кеңседе күту аумағы қатар тізілген орындықтармен, мобильді қондырғыларды қуаттап алу мүмкіндігімен, ауаны қалыпқа келтіру жүйесімен, телефон байланысымен өзіне назар аударта түседі.

Ақпараттандыру орталығында тұрғындар кеңес беруші қызметкерлердің көмегіне жүгініп, кез келген сауалдарына заң тұрғысынан кеңес алады. Сонымен қатар фронт-кеңседе тараптарға қажетті уақытта дауды реттеу, ыңғайлы жағдайда жеке дара татуласуға байланысты келісім жүргізу, бітімгершілік жобасын дайындау үшін татуласу бөлмесі қарастырылған.

Кеңседе интернет желісіне қосылған компьютер арқылы өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы да бар. Сотқа келушілер компьютермен «Сот бөлмесі» ақпараттық жүйе қызметін қолдана алады.

Осынау шаралардың барлығы сот төрелігін атқару бойынша көрсетілетін қызметтің сапасын арттыруға, қоғам мен сот органдары арасында тиімді байланыс орнатып, соттардағы қағазбастылықты жойып, ең бастысы – соттарға деген халық сенімін арттыруға септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Аягөз ДҮЙСЕНБАЕВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *