ЭКОНОМИКА ЖАЙЫНДА ЕЛЕУЛІ ЕҢБЕК

Экономика
1 017 Views

Бүгінде облысымыз бен республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында өзінің өткір де өзекті мақалаларымен көзге түсіп жүрген Ілесбек Сейітұлы Байжановты жұрттың бәрі жақсы біледі. Отырардың отты оғланы қай жерде болсын өзінің тура да әділ сөйлеп, нақты пікір айтуымен ерекшеленіп жүрген жан. Мамандығы бойынша инженер-технолог, мұнай бизнесін дамыту саласының өкілі болғандықтан ел экономикасын өркендету жолында жемісті еңбек етіп келеді. Төрткүл әлемнің алпауыт елдері – Америка Құрама Штаттары мен Қытай Халық Республикасында білімін жетілдіру курстарынан өткен білімді де білікті маманның қалың жұртшылыққа айтары көп.

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі ретінде көптеген ғылыми, саяси, экологиялық, экономикалық, тарихи-танымдық мақалаларымен көзіқарақты оқырмандардың көңілінен шығып келеді. Жуырда оның «Елдің экономикасы, яғни оның «табыс көзі» дамысын десек…» атты кітабы жарық көрді. Онда қазіргі нарықты қатынастар жағдайындағы ел экономикасын көтеру бағытындағы мәселелер жан-жақты талданған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *