ЭМОЦИЯ

Әдебиет
1 198 Views

Эмоция – француз сөзі. Адамдарда қорқыныш, қуану, ренжу кезінде көрініс беретін субъективті реакция екен. Қысқасы, сәттік сезімге берілу. Негізі біздің жұрт біледі. Не көп, байқау көп! Неге ағылшынша ән айтып, би билейді десем ол эмоцияға берілгендік екен. Менталитетіміздің өзі қызық. Еліктегішпіз ғой.

Осы эмоция деген пәлеге мен де беріліп көрейін деп ойладым. Оңайлықпен қуанып, қорқа қоймайтын әдетім бар.

Сонда да болса эмоцияны қуануға беріліп бастамақ болдым. Қалай етсем қуанбақпын? Таптым! Ол ақша, табыс. Ақша кімде болуы мүмкін. Министрлерде!

Қиялымда міне мен бір министрмін! Санамда өзіме белгісіз менмендік түйсік оянып, қуанып кете бардым. Эмоцияның әсері. Аймақтардан келген арыз-шағым, вицелердің өтініші жайына қалып, ақ бұлттардың үстінде қалқып жүргендеймін. Айналам сақшы. Құрақ ұшқан түрлі деңгейдегі шенділер. Келетінімді күні бұрын хабарлап қойса керек, қайда барсам да жалынды сөздер жазылған мата керіп, құшақ жая қарсы алады. Әне, сізге эмоция!

Бірде көршім зат сұрап келген. Ренжу эмоциясына беріліп отырғанмын. Қайта келместей етіп қуып шықтым. Және келгенде бірді екі еселеп көтертіп жібердім. Неге? Қуану эмоциясында отырғанмын ғой.

Біздің жұрт сұхбат бергенде неге ң-ды н, «жанағы» деп айтады десем, эмоцияға беріліп, мәдени жетілген, ң-ға тілі келмейді оқыған деп ойласын дейді екен ғой.

Эмоция пәленің қазекеме жасамағаны қалмады. Тіпті өнер шеберлерінің өзін басынып алған. Кәстөмін көрермендерге лақтырып өз иығына өзіқарап, дірілдеп ән айтатын әншілерді білетінмін. Безгек болған шығар депойлайтынмын. Сөйтсем, эмоцияның әсері екен. Оны кім білген? Осының бәрі ризаболғандағы эмоция. Енді ренжу, қорқу эмоциясына беріліп көрмек болдым. Свет, газ… түрлі жетіспеушілік, төлемдерді білгенімде ренжи қалдым. Жұмыссыздық, қымбатшылық есіме түскенде аяқ-қолдарым дірілдеп қорқа бастадым. Әне, сізгесубъективті реакция!

Біздің заң орындары тексергіш қой. Менің емес түрлібаппен тармақтарды үйіп қойып оның сөзін сөйлегенде эмоция деп осыны айтыңыз.Қорыққанымнан қалтырап жүруден қалдым. Бір ғылым кандидатынан осы эмоцияғаберілгенім дұрыс па деп едім «дұрыс» деді. Мұнда француздардікі дұрыс екен. Психологтан анықтағаным, менде еш қиындық жоқ деп денеңізді бос ұстаңыз деді.Сонда орталық нерв жүйесі жіберіп бәрі қалпына келеді екен. Бос ұстадым-ақ!Эмоцияға берілгіштік қанымызда болса мен қайтейін? Сосын да салық агенті,базарда орынға талон жыртушы болып та көрдім. Әр эмоцияның өз орны бар. Сәтінеқарай бола береміз де.

Ералхан ЖЫЛҚЫАЙДАРҰЛЫ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *