ҚАЗАҚ ТІЛІН ҚАДІРЛЕП, ҚАСТЕРЛЕЙІК

Құқық
984 Views

Қазақстан азаматтары, соның ішінде құқық қорғау қызметкерлері отансүйгіштік тұрғыда Тәуелсіздігімізді патриоттық сезіммен әрдайым басшылыққа алып жүруі қажет. Олардың кәсіби деңгейде патриоттық, рухани сезімдері жоғары болса, Отаны да, құқық қорғау органдары да жоғары әрі мықты болатыны сөзсіз. «Тәуелсіздігімізді құрметтеу – мемлекетімізді құрметтеу» деген сөздің мағынасын терең түсінуіміз керек. Ендеше, біздің басты парызымыз – мемлекеттік тіл саясатын қолдау, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту және насихаттау болып табылады. Мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі және оны өзінің күнделікті қызметінде қолдану деңгейін көтеру керек. Ауызша сөйлеу шеберлігі және қызметтік құжаттарды дайындау, оны сапалы түрде өзге тілдерге аудара білу – біздің үйреншікті міндетіміз болып есептеледі.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекеттік тілдің рөлін арттыру, қазақ тілін белсенді түрде үйрену, сонымен қатар күнделікті қызметте, өмірде қолдануға деген қызығушылығын арттыру – құқық қорғау органдарының маңызды үлесі болып табылады. Сөйтіп мемлекеттік тіліміз – қазақ тілінің мәртебесін көтергеніміз мақұл.

Бүгінгі жас ұрпақ кешегі батыр бабаларының ерліктерін қастерлей білуі қажет. Елге адал қызмет ететін рухты, күшті, жігерлі жастарды тәрбиелеп, оларға мемлекеттік тілімізді одан әрі жетілдіруге, адамгершілікке, адалдыққа баулу – біздің басты мақсатымыз. Әрқашан ұлттық ар-намысымыз бен патриоттық рухымыз биік болуы керек. Отаншылдық рух қай заманда да қазақ халқының бойындағы айрықша қасиет болып табылған. Ерлік пен елдікті паш етіп, жастардың рухын көтеру білімділікке, адамгершілікке баулу, мемлекеттік тілімізді толық меңгеруге үйрету – мәртебелі міндетіміз.

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіміздің тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Біздің бұл дүниеде бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан» деген қанатты сөзі баршамызға, яғни еліміздің азаматтары отансүйгіш, білім-ғылымды ізденгіш, еңбекқор, әділетшіл, патриот болуы шарт. Біз жастарымызды соған тәрбиелеуіміз керек. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, баршамыз біріге отырып Тәуелсіздігімізді, мемлекеттік тілімізді берік, нық ұстай білейік! Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ! Елбасымыздың тынымсыз ізденісі, еңбекқорлығы мен қамқорлығының нәтижесі. Оның жүрегі үнемі «халқым» деп соққан. Халқына тірек болған! Сондықтан біз, Қазақстан Республикасының азаматтары барша құқық қорғау қызметкерлерімен бірлесіп Тәуелсіздік тұғырымызды биік ұстай отырып, мемлекеттік тіл – қазақ тілімізді қадірлеп, қастерлейік.

Егемен ел болып, азаттық алды халқымыз,

Қамқор болып халқына, еңбек еттіңіз жалпы Сіз!

Құтты болсын Нұр аға Тәуелсіздік тойыңыз,

Құтты болсын баршаға мемлекеттік тіліміз!

З. СҰЛТАНМҰРАТОВ,

ИЧ 167/10 мекемесінің тәртіп бөлімше бастығы,

әділет майоры.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *