ҚҰС АВИТАМИНОЗЫ

Денсаулық
1 973 Views

Құс ағзасында қандай да бір витаминнің жетіспеушілігінен, зат алмасуы процесінің бұзылуымен сипатталатын құстардың жұқпалы емес ауруының бір түрі авитаминоз ауруы. Аталған аурулармен ересек тауықтарға қарағанда балапандар жиі шалдығады.

Егер витаминнің жетіспеушілігі төменгі дәрежеде көрініп, клиникалық белгілері көрінбей өтетін болса, ондай жағдайда бұл ауруды гиповитаминоз деп те атаймыз. Авитаминоз ауруы кезінде ересек тауықтардың жұмыртқа беруі, ал жас тауықтар мен балапандардың өсуі төмендейді.

Ц.Л.Лудыновтың еңбектерінде зат алмасуының бұзылуымен және ас қорыту жолдарының зақымдалуымен сипатталып, кей жағдайда клиникалық белгілері көрінбей өтетін құстардың жұқпалы емес ауруы деп сипаттап жазған.

Жалпы алғанда құстардың өсіп-жетілуіне азық құрамының сапасы мол әсер етеді, ал азықтың сапалы әрі құнарлы болуы үшін витаминдердің үлесі зор. Алыс-жақын ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ, витаминдердің 15-ке жуық түрі белгілі, атап айтқанда А, Д, Е, С, РР, К, В1, В2, В4, В6, В12, В1, Н, тағы басқалар.

А витамині (ретинол) – майда еритін, ұлпаларды оттегімен қамтамасыз ететін, минералды заттар, әсіресе, кальций мен магнийді, эндокринді мүшелердің қызметін, көздің көру қабілетін, май алмасуын және ағзаның өсу қабілетін жақсартатын витаминнің бір түрі.

Д витамині (кальциферол) – майда жақсы еритін, линольді қышқылды соратын, сүйек, шеміршектердің қызметін жақсартатын витаминнің бір түрі. Шет ел әдебиеттерінде үш түрін сипаттап жазады, яғни dz, DDg, Du2 витаминдері. Құс ағзасына dz, DDg витаминдері пайдалы. DDg витамині бүйректе 1,25 – гидроксилхолекальциферолға айналып, организмнің белсенділігін үш-төрт есеге арттырады.

Е витамині – ағзадағы макро-микроэлементтердің, электрондардың тасымалдануын реттеуге көмектесетін витаминдердің бір түрі, сонымен қатар, клетка мембраналарының биологиялық белсенділігін арттырады.

К витамині (нафтохинон) – майда еритін, қандағы протромбиннің, бауырдағы тромботропиннің реттелуін қалыптастырып, қанның ұйымауын реттейді. Бұл витаминнің де бірнеше түрі белгілі – KI – өсімдіктерде, Kg – ішектегі бактерияларда, K3 – майда синтезделеді.

Н витамині – суда еритін, ағзада карбоксилирлеу, май қышқылы және стеарин реакциясына қатысып, құстардың соқырішегіндегі микроағзалармен синтезделетін витаминнің бір түрі. Сонымен қатар, бұл витамин терінің қоректенуіне және құстарда қауырсынның өсуіне қатысады.

С витамині – ішкі секреция бездерінің дамуына, ағзадағы эндогенді токсиндер мен экзогенді уларды жоюға, коллоген талшықтарының түзілуіне қатысады. Организмдегі бактериялар мен ұлпаларда, ал, құстарда бүйректе синтезделеді.

В тобындағы витаминдер – суда, сірке қышқылында жақсы ериді. Құстар жұмыртқасының сарыуызында изолирленеді. Организмнің тез жетілуіне, амин қышқылдарының түзілуіне және тыныс алу жолдарының қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, ас қорыту жолындағы жараларға қарсы қоланатын витаминдердің бір түрі.

Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде кез келген витаминдердің қай түрі болмасын, адам және жануар ағзасы үшін керекті қоректі заттар екеніне көз жеткізуге болады.

Ауыл шаруашылығында, соның ішінде, құс шаруашылығында жұқпалы ауруларға қарағанда жұқпалы емес аурулар, соның ішінде авитаминоз, улану соңғы жылдары жиі тіркеліп жүр.

Авитаминоз ауруының шығуына және таралуына бірінші кезекте: ветеринариялық талаптардың орындалмауы, қоражайларға антисанитариялық шаралардың жүргізілмеуі және азық сапасының құнарсыз болуы.

Қолда бар алыс-жақын шет ел және отандық ғылыми әдебиеттерге сүйенетін болсақ, авитаминоз ауруының бірнеше түрлері белгілі. Соның ішінде Қазақстанда құс авитаминозының жиі кездесетін жеті түрі белгілі және толық зерттелген.

А авитаминоз (А-гиповитаминоз) – А витаминінің және каротин витаминінің жетіспеуінен туындайтын, созылмалы түрде өтетін авитаминоз ауруының бір түрі. Сонымен қатар, шеміршек, сүйек ұлпалары өсуінің тоқтауы және көздің көру қабілетінің төмендеуімен сипатталады.

В авитаминоз (В-гиповитаминоз) – жүйке жүйесі мен асқорыту жүйесінің зақымдалуымен, аминқышқылы – метиониннің бұзылуымен, жас төлдер мен балапандардың өсуінің тоқтауымен сипатталатын ауру. Сонымен бірге ферменттердің, әсіресе ацетилхолин ферментінің синтезделуінің бұзылуымен байқалады.

Д авитаминоз (Д – гиповитаминоз) – жас төлдер мен балапандарда созылмалы түрде өтетін, зат алмасуының бұзылуымен, фосфорлық – кальцийдің жетіспеуінен сүйектердің патологияға ұшырауымен көрінетін жұқпалы емес аурудың бір түрі. Кей жағдайда бұл ауруды – рахит ауруы деп те атайды.

Е авитаминозы (Е – гиповитаминоз) – ағзада май алмасуының бұзылуымен, бірнеше клиникалық белгілермен сипатталатын, құстарда жиі кездесетін авитаминоз ауруының бір түрі. Аталған аурумен көп жағдайда түйетауықтар (үндіктер), үйректер және бройлер тауықтары, тағы басқа құс тұқымдарына қарағанда көбірек ауырады.

К авитаминозы (К – гиповитаминоз) – тері асты шелінің домбығуымен, геморрагиялық диатезбен және гипохромды анемиямен сипатталып, клиникалық белгілері жасырын өтетін авитаминоз ауруының бір түрі.

С авитаминозы (С – гиповитаминоз) – геморрагиялық диатезбен, эндогенді жүйелердің бұзылуымен көрінетін, созылмалы түрде өтетін құстардың жұқпалы емес ауруының бір түрі.

Н авитаминозы (Н – гиповитаминоз) – май, аскорбин, пантотент және фолиен қышқылдарының бұзылуымен, сонымен бірге ағзаның өсу қабілетінің төмендеуімен және дерматитпен көрінетін жұқпалы емес ауру.

Авитаминоз ауруы түрлерінің құс ағзасына әсер ету белгілері

№1 кестеде көрсетілгендей, авитаминоз ауруының қай түрі болмасын ағзаға кері әсерін тигізіп, онда терең патологиялық өзгерістер туғызады.

Жоғарыда айтылғандай, авитаминоз гиповитаминозбен салыстырғанда сирек кездеседі.

Авитаминоздың туындауына негізгі себеп астағы, жем-шөптегі витаминдердің жетіспеуі. Ерте кезде адамдар арасында авитаминоз ауруы теңізшілер мен саяхатшыларда кездескен. ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында адамдар арасында С авитаминозы, жануарлар мен малдар арасында Д авитаминозы мен А авитаминозы жиі тіркелген.

Авитаминоз – жем-шөп құрамында витаминдердің жетіспеуінің салдарынан құстарда мукополисахариттер қышқылының түзілуін бұзып, соның салдарынан шеміршектің дамуы тежеліп, өсу процесі төмендейді. Пуллороз, гельминтоздар мен микоз ауруларының ақыры көп жағдайда құстарда авитаминоз ауруымен аяқталады, кей жағдайда авитаминоздың туындауына витаминдердің өздерінің де әсері бар.

Мысалы, ағзада А витамині жеткілікті немесе көп болған жағдайда, керісінше Е витамині жетімсіз болады, себебі А витамині Е витаминінің синтезделуін тежейді. Азықтың құрамында витаминдер жеткілікті болу үшін әр витаминнің белгілі бір мөлшері азық құрамында болу керек. Мысалы, Н, В, С витаминдері түйетауықтар (үндіктер) үшін – 0,2 грамм тауықтар үшін – 0,1 грамм [9, 15].

С витамині эндогенді жүйелер арқылы ыдырағаннан кейін көбінесе витаминнің жетімсіздігі жүйке жүйесінің бұзылуы және құстарды бір орыннан екінші орынға ауыстырғаннан, қатты айқайдан, қора температурасының біркелкі болмауының нәтижесінде болады. С витамині ағзада жеткіліксіз болған жағдайда міндетті түрде А, Е, В тобындағы витаминдерде жеткіліксіз болады.

В авитаминозының туындауына – құрамында окситиамин, антоганисті витаминдер – тиаминаз бар жем-шөптерді жиі қолдану, оксиленген бос радикалдардың жетімсіздігі, микроэлементтердің алмасуының бұзылуы, клетка мембраналарының өткізу қасиетінің бұзылуы септігін тигізеді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жалпы, авитаминоздардың дамуына жем-шөп, азық құрамында витаминдердің жетіспеуінен, антибиотиктер тобындағы препараттарды ұзақ уақыт қолданғаннан, сонымен қатар құрамында антивитаминдері бар мол азықтарды пайдаланғаннан дамиды.

Ересек жануарларда жасына байланысты асқорыту жолдарының бұзылуынан, ішкі секреция бездерінің атрофияға ұшырауынан және созылмалы бауыр және бүйрек ауруларынан туындайды.

Раушан ЕРЖАНОВА,

Түркістан жоғарғы

аграрлық колледжінің арнайы пән оқытушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *