ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ – ҚАСТЕРЛІ МІНДЕТ

Саясат Қоғам
854 Views

Қазақстанның тұңғыш Президентінің «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын дұрыс жүзеге асыруға кімдер кедергі келтіруде? Ұлт жоспарының97-қадамында азаматтардың өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқарудыдамыту арқылы шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндіктерін кеңейту туралынақты жазылған.

Нарықты, бәсекелестікті және ашықтықты дамыту мақсатында мемлекетке тән емес функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру туралы шешімқабылданды. Бұл шаралар мемлекеттік органдар тарапынан тосқауылдар менкедергілер санын, бюрократияны азайтуға бағытталған.

Ұлт жоспарының ережелеріне қарамастан, кейбір мемлекеттік органдар өздерінің іс-әрекеттерімен Президенттің тапсырмаларын орындауға, экономиканың және жекелеген салалардың өркендеуіне кедергі келтіруде. Біздің одақтың құрамына 1200 компания бар.

Үкімет пен бірқатар уәкілетті министрліктер құжаттың ережелерін жүзеге асыруда. Нұсқаулыққа қарамастан, көптеген министрліктер өркендеген Қазақстанды құруға бағытталған басты құжаттың ережелерін жүзеге асырып жатқан жоқ.

Егер құрылыс индустриясы туралы айтатын болсақ, онда қазіргі кезде мемлекеттік органдардың кейбір бөлімдері 97 тармақтың орындалуына жол бермейді. Мысалы, ИИДМ «Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» жанындағы реттеушілік әсерді талдау (РӘТ) және әзірлеу жөніндегі жұмыс құрылыс саласының қоғамдық бірлестіктері мен сарапшыларын араластырмай өзін-өзі реттеу туралы Заңды талқылауды ұйымдастыруда.

«Қазақстан құрылысшылар одағының» атынан қоғамдық пікірді және құрылыс саласындағы кәсібилердің позициясын ескермеу тәжірибесін түсіндіру туралы өтініш жасалды. Құрылыс бөлімінің қызметкерлері бұл талапқа заң жобасын талқылауға шақырамыз деп жауап беріп, бірақ олар оны орындамады.

Мемлекеттік органдардың мұндай әрекеттері немесе әрекетсіздігі саланың өзекті мәселелеріне немқұрайлы қарайтындығының дәлелі. Мұндай белгілі бір мазмұнды қамтитын заң жобаларын талқылауға құрылыс саласын тереңінен білетін тәжірибелі мамандарының араласуы міндетті түрде екені баршаға мәлім. Әйтпесе, тәжірибе көрсетіп отырғандай, заңдарды тыңдау кезінде және оларды кәсібилердің пікірін ескермей қабылдай салу азаматтардың мүдделерін білдірмейді және қазақстандықтардың өмірін жақсартпайды.

«Өзін-өзі реттеу туралы» Заңды айтқанда мемлекеттік органдар функцияларының бір бөлігін нарыққа беру елдің дамуы мен өркендеуіндегі маңызды құжат, оны талқылау және дамытуға құрылыс салаларының мәселелерімен айналысатын әр өңірден мамандар, жұмыс топтарының сарапшылары қатысуы керек..

«100 қадам» Ұлт жоспарының ережелеріне қарамастан, ИИДМ Құрылыс басқармасы қоғам қайраткерлерінің пікірін ескермей заң жобаларын әзірлеп жатыр. РӘТ заңын жұмыс тобында Қазақстан құрылысшылар одағын, ірі салалық ұйымының қатысуынсыз перде артында жабық түрде талқылау сыбайлас жемқорлық тәуекелі екенін ескеру қажет.

Сондықтан «Қазақстан құрылысшылар одағының» мүшелері шешім қабылдап, «Адалдық алаңына» жүгінді. «Адалдық алаңы» Ұлт жоспарының ережелерін елемеу тәжірибесін зерттеп, өз пікірін береді деген сенімдеміз.

Қабылданған заңдарды ашық талқыламайынша мемлекеттің алға басуы және экономиканың өсуі мүмкін емес екені белгілі.

Баниямин ФАЙЗУЛИН,

Қазақстан құрылысшылар одағы Президиумының төрағасының орынбасары

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *