ӨРКЕНДЕП ӨСКЕН ОҚУ ОРДАСЫ

Білім
191 Views

ЖАҚЫН ЖЫЛДАРДА ӘЛЕМ УНИВЕРСИТЕТТЕРІНІҢ АЛҒЫ ШЕБІНЕ ШЫҚПАҚ

 Қазан айының басы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы — ректоры Ерлан Бәтташұлы Сыдықовтың ата-аналар, білім алушылар, жұмыс берушілер, ғылыми — педогогикалық қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері алдындағы білім беру, ғылыми зерттеу және тәрбие қызметі бойынша 2022-2023 оқу жылындағы есептік кездесуінен басталды. Кездесуді тамашалауға барынша мүмкіндіктер жасалып, ЮТУБ каналынан тікелей көрсетілім қосылды.

 Есептік кездесудің басты мақсаты -2022-2023 оқу жылындағы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етіп, алдағы жылдарға арналған университеттің басты жоспарлары, атқарылуға тиіс жұмыстарымен таныстыру. Ғылыми кеңес отырысы арнайы дайындалған бейнероликтен басталып, ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов өз есеп беруін бастады. Жалпы университеттің есебін даму жоспарына сәйкес және бағыты бойынша қарастырып, әрқайсысына тоқталды.

 Бағыттардың бірі әрі бірегейі — ғылым және инновация, коммерциализация, технологиялық трансферті. Баршаға мәлім, университетке зерттеу университеті деген атақ берілген болатын. Сол жолда ғылыми зерттеулер саны және қаржыландыру артты. Ғылымнан түсетін кірістердің үлесі 3 есеге өскенін, қазіргі таңда университетте 5 млрд. теңгеге 244 зерттеу жұмысы жүргізіліп, 2022 жылы бұл сома 2,7 млрд. теңге болса, жобалар саны 207-ге жеткен. Өткен жылдармен салыстырғанда іргелі зерттеулер саны 26 пайызға, қолданбалы зерттеулер 18 пайызға артқан. Сонымен қатар 10 халықаралық ғылыми жобалар жүзеге асырылып, алдыңғы жылдармен салыстырғанда іргелі зерттеулер саны 26%, ал қолданбалы зерттеулер 18% артқан. Кадрлық және ғылыми әлеуеттің бәсекеге қабілеттілігі де артуда.

 Университетте халықаралық деңгейде ғылыми зерттеулер мен инновациялық нәтижелердің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету барысына да аса мән берілген. “Болашақ” бағдарламасының 139 түлегі ЕҰУ-де жұмыс атқарады және осындай көрсеткіш тек аталмыш оқу ордасында көрініс тапқан.

 Үздік ғалымдар бірқатар мемлекеттік гранттар мен ғылыми стипендияға ие болған. Жыл сайынғы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының республикалық конкурсында 39 студент жүлдеге ие болған. Университетте мемлекет қаржыландыруынан бөлек ғылыми әлеуетті нығайтудың өзіндік бағдарламасы жұмыс істейді. Оқытушы зерттеушімен қатар зерттеуші позициясы енгізіліп, ол лауазымда қазіргі таңда 25 ғалым ғылыми жұмыспен айналысады. Университет қаражаты есебінен докторантурадан кейінгі бағдарлама жұмыс істейді әрі өткен оқу жылында 5 адам, оның ішінде 3-і шетел азаматтары зерттеу жүргізуде. Бұл университет үшін аз көрсеткіш екенін және осы жылы көбейтуді көздеп отырғанын мәлімдеді.

 17 бағыт бойынша 31 диссертациялық кеңес университетте жұмыс атқарады. Өткен оқу жылы 113 докторлық диссертация қорғалса, оның 96-сы Еуразия ұлттық университетінің диссертанттары екені айтылып, шетелден 2022 жылы 700-ден астам профессорлар шақыртылғаны, 2022 жылы коммерциялық әлеуеті бар жобаларды қолдау барысында «JANA ASU» ішкі гранты тағайындалғаны, сонымен қатар ауқымды республикалық, халықаралық іс-шаралар өткізілгені атап көрсетілді. 2022 жылы 63 іс-шара өткізіліп, 58-і халықаралық конференция, 1 ғылыми форум, 10-нан астам жазғы мектеп өткізілген. Университеттің ғылыми инфрақұрылымын жаңғырту жүргізіліп, бұл зерттеу университетіне айналудағы негізгі шарттардың бірі екені тілге тиек етілді.

 “Еуразия ұлттық университетін зерттеу университетіне трансформациялау және инновациялық экономиканы дамытуға қосқан үлесті арттыру шеңберінде ғылыми инфрақұрылымды жаңғыртуға басымдық беріліп, есепті кезеңде «ENU-TECH» жаңа кампусында заманауи ғылыми-техникалық инфрақұрылым мен аккредиттелген зертханалар желісін құру үшін құны 10 млрд.теңге болатын инвестициялық бағдарлама әзірленген. Соңғы 5 жылда алғаш рет университеттің өз қаражатынан жоғары дәлдіктегі ғылыми жабдықтарды сатып алуға 703 млн. теңге бөлініп, ғылыми-инновациялық және білім беру әлеуетін одан әрі арттыруға, сондай-ақ ғалымдардың әзірлемелерін коммерцияландыруға жәрдем көрсетілген.

 Сондай-ақ 2022 жылы Еуразия ұлттық университетінде 30 елден келген шет ел студенттері 240-тан астам білім беру бағдарламасы бойынша білім алды. Университет нарық қажеттіліктерін ескере отырып, оқытудың жаңа бағдарламаларын енгізуге ерекше назар аударады. Кәсіби стандарттар негізінде 129 білім беру және 35 инновациялық бағдарламалар әзірленіп,, сәйкесінше ағылшын тіліндегі білім алушылар тізімі жыл сайын артқан.

 Білім алушыларды қабылдау 244 білім беру бағдарламасымен жүзеге асырылып, дарынды жастар үшін межелі баға көтерілген. Бұған қарамастан 6800-ден астам студент, 1200 магистрант, 263 докторант оқуға түссе, олардың қатарында 589 алтын белгі иегері 898 үздік аттестат иегері бар. 2022-2023 оқу жылында 1192 магистрант және 426 докторант ғылыми тәжірибеден өткен.

 2023 жылы ЕҰУ QS World University Rankings халықаралық рейтингінде 355 орынға ие болып,ағымдағы жылы ЕҰУ алғаш рет QS Stars рейтингіне қатысып, 4 жұлдызбен бағаланған. Шетелдік делегациялардың қатысуымен 100-ден астам іс-шара өткізілген.

 2022 жылы Ош мемлекеттік университетінде ЕҰУ филиалы ашылып, қазір онда бірнеше білім беру бағдарламалары бойынша оқыту жүргізілуде. 2023 жылы университет бакалавр және магистр дәрежесімен 5 мыңға жуық маман дайындап, 220 түлек ЕҰУ колледжінде алты мамандық бойынша оқуын сәтті аяқтаған. Түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында «Мансап» ақпараттық платформасы әзірленіп, бұл — жұмыс берушілердің, шетелдік компаниялардың, университеттің білім алушылары мен түлектерінің байланыс орнатуына арналған ашық веб-алаңға айналған. Сонымен қатар университетте инклюзивті білім беруді және «Ешкім де назардан тыс қалмайды» қағидатын жүзеге асыруға қажетті жағдай жасалып жатқаны атап көрсетіліп, «ЕҰУ-да инклюзивті білім беруді дамытудың 2023–2025 жылдарға арналған жол картасы» қабылданғаны, «Инклюзивті репетиторларға қолдау көрсету зертханасын» ашу жоспарланып отырғаны сөз болды.

 Алыс және жақын шетелдердің жетекші университеттері ынтымақтастыққа қызығушылық танытуы нәтижесінде бүгінгі таңда ЕҰУ-мен әлемнің 460-тан астам университеті тығыз байланыс орнатып, 2022 жылы шетел азаматтары үшін «Күлтегін» және «Гумилев» атындағы шәкіртақы тағайындалғаны жиналғандарға хабарланды.

 Ерлан Бәтташұлы Еуразия ұлттық университетінде болашақта атқарылатын 26 пункттен тұратын тізіммен де таныстырды. Олар мыналар:

1. ЕҰУ-де ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемін 10 млрд. теңгеге, ғылыми жобалар санын 300-ге дейін ұлғайту.

2. Ғылыми-зерттеу қызметімен айналысатын ғалымдардың санын 50%-ға дейін ұлғайту

 3. Жас ғалымдардың үлесін 60%-ға дейін арттыру

 4. Ғалымдардың ғылымнан алатын табысын екі есе көбейту

 5. Бағдарлама бойынша ЕҰУ ғалымдарының тағылымдамадан өтуіне жыл сайын кемінде 30 адамды жіберу

6. Жыл сайын докторантурада оқитын студенттердің санын 50 адамға ұлғайту.

 7. Түркітану журналын Scopus деректер базасына енгізу, Eurasian Journal of Physics and Functional Materials журналын Web of Science базасына енгізу

 8. Докторлық диссертация қорғау санын жылына 250-ге дейін арттыру

 9. Дәйексөздің орташа көрсеткішін 5,0-ге дейін арттыру

 10. Жаңа химиялық технологиялар ғылыми-зерттеу институты зертханасының аккредитациясын алу.

 11. Ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының санын 45-ке дейін арттыру

12. ЕҰУ «Жастар кеңесін» құру. Л.Н. Гумилев

13. «Инклюзивті репетиторларды қолдау зертханасының» ашылуы.

14. «ЕҰУ волонтерлері» волонтерлар қозғалысын дамыту, еріктілер санын 10%-ға арттыру

15. Шетелдік студенттердің үлесін 9%-ға дейін ұлғайту

16. Халықаралық Q рейтингіне енгізілген Топ 200/400 ішінен университеттермен бірлескен/қос дипломдық бағдарламалардың санын арттыру

17. Академиялық ұтқырлық бағдарламалары бойынша ЖОО студенттерінің үлесін 3,5%-ға дейін ұлғайту

18. «Welcome to ENU» академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша шетелдік студенттердің санын 200 адамға дейін ұлғайту.

19. ЕҰУ-қала құрылысы жобасын ілгерілету: Астана қаласы әкімдігімен жұмыс және жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу.

 20. Инвесторлар қаражаты есебінен №3 оқу корпусының артындағы студенттік жатақхананың құрылысы (ЦСИ)

 21. Қ.Сәтбаев пен Қажымұқан көшелерінің қиылысында Ғылыми зертханалық орталықтың құрылысы.

 22. ЕҰУ цифрлық экожүйесінің тұжырымдамасын жүзеге асыру. Л.Н. Гумилев 2021-2025 жж.

23. MBA/EMBA бағдарламаларын енгізуді күшейту үшін Бизнес мектебін құру

 24. Педагогикалық кадрларды аттестаттау

25. Жас ғалымдарды қолдау бағдарламасын дайындау

26. ЕҰУ ғалымдарының оқу-ғылыми сипаттағы электронды кітапхана жүйесін құру айрықша құқықтар/лицензия.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жыл сайын өркендеп, Орта Азиядағы ең іргелі оқу ордаларының алғы шебіне шықты. Басқаны айтпағанда биыл оқуға қабылданған студенттер, магистранттар мен докторанттар саны кейбір университеттердің білім алушыларының санынан асып түсетінін айтсақ та жеткілікті. Келешекте әлемнің ең үздік университеттерінің қатарынан көрінері анық. Есеп беру соңында ректор студенттер мен оқытушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

Мадина МУХИТБЕК,

Аяжан ЕРБОЛ,

Халықаралық Журналистер одағының мүшелері

Астана қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *