60 МЫҢНАН АСТАМ НАУҚАС ТЕГІН ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛДІ

Денсаулық
545 Views

Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте Шымкент қалалық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушысы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.

– Шымкент қаласында емханалар жанынан құралған мобильді топтар 60 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Яғни, медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде. Бүгінде 211 мобильді топ қызметкері тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Олар қазіргі таңға дейін 23 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен, – деді Т.Варзилов.

Тимирхан Исабалұлының айтуынша, қалада медициналық ұйымдарда дәрілік заттардың 2 айлық қоры бар. Яғни, бөлшек дәріханаларында дәрілік заттардың негізгі қоры жеткілікті. Атап айтсақ, 120 600 қорапта ыстықты түсіретін және 175 000 қорапта вирусқа қарсы препараттар бар. Сондай-ақ, 1 982 000 антибиотиктер, 24 860 қорапта антикогулянттар және 730 000 қорапта «С» витамині бар.

Айта кетейік, қаладағы эпидемиологиялық ахуал күннен күнге жақсарып келеді. Мәселен, өткен тәулікте коронавирус инфекциясының 4 жағдайы тіркеліп, өсім 0,1%-ды құрап отыр. Жалпы, Шымкент қаласында 2020 жылғы 24 наурыз бен 16 тамыз аралығында инфекцияның 5150 жағдайы (2625 симптомды, 2525 симптомсыз) тіркелген.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *