«БАТЫР РУХЫМЕН СЫРЛАСУ…»

Руханият Қоғам
344 Views

АҢДАТПА: Зейнеп Ахметова: «Атам, «…Мен өлгенмен, менің атым өлмейді, менен құтыла алмайсыңдар…» деуші еді. Шынымен де, қазіргітаңда Қазақстанның қай түкпіріне бармайын, атамның есімін арқалаған қаншаазаматтар бар, бірнеше мектептерге, көшелер мен даңғылдарға есімі берілген. Ата осылардың бәрін алдын-ала сезгендей қалай айтты екен, деп кейде таң қалам…!».

20 желтоқсан күнідаланың дара саңлағы – қаһарман батыр Бауыржан Момышұлының туған күніне орай,Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінде белгіліқаламгер, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, этнограф жазушы, «Шуақты күндер», «Бабалар аманаты», «Күретамыр», «Әзіліңді сағындық» атты бірнешекітаптардың авторы, көненің көзін көрген тұлға, ел анасы, Бауыржан Момышұлыныңкеліні – Зейнеп Асқарбекқызы Ахметованың қатысуымен «Батыр рухымен сырласу»атты кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты: ерліктің өлшеусіз тағлымын ұрпағына мұра еткен тұлға — Бауыржан атамыздың әскери болмысы мен тұлғалық ерекшелігіжайлы сыр шертіп, болашақ ізбасарларына батыр жайлы естеліктерді шынайы бөлісу болатын.

Кездесу кешініңбірінші бөлімі Зейнеп апаның отбасындағы әдемі естеліктерімен жалғасын тапты.Одан әрі мектеп ұландарының Бауыржан аталары жайлы білгісі келген бірнеше сұрақтарымен үйлесіп, Бауыржан атамыздың атын жамылған мектепте білім мен қоса қаталтәртіпті меңгеріп жатқанын мақтанышпен айтатынын баяндап, кеш иесіне ыстықлебіздері мен тілектерін білдірді.

Әрмен қарай мектеп ұландарының Зейнеп апаға дайындаған концерттік бағдарламасымен ұласты. Батырдың өмір жолынан қойылымдар көрсетіп, әскери бағыттағы естеліктерінен үзінділер оқыды.

Кештің қорытынды бөлімінде мектеп бастығы полковник Ерекешов Нұрлыхан Сатбайұлы:

– Құрметті Зейнеп Асқарбекқызы, бүгін шынымен де өзіңізбен саналы да салмақты рухани кеш болды! Сіздің Бауыржан Момышұлы туралы тәрбиелік мәні терең, мол ғибратты естеліктеріңіз – біздің ұландарымыздың жадында ғана емес, жүрегінде сақталып, рухын асқақтататыны хақ. Біз бақыттымыз, себебі Бауыржан атамызды көрмесек те, ол кісінің көзін көрген Өзіңізбен дидарласып, сұхбаттасып отырмыз. Мұның өзі мектеп тарихындағы сирек сәттің бірі деп білеміз» деген ілтипатын білдіріп, мектептің құрылғанына 40 жыл толу мерейтойына арналған төс белгімен марапаттап, мектептің тарихы жайлы баяндайтын кітапты табыстады.

 Президентіміз Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жаңа қоғамның жанашыры ретінде Абайдың «толық адам» тұжырымын қайта зерделеп, шындап келгенде өміріміздің кез-келген саласының, мемлекетті басқару мен білім жүйесінің негізгі тұғырына айналу керек» — деп есептесе, осы «Толық адам» концепциясын толығымен ашатын тұлға — Бауыржан Момышұлының бейнесі екенін Бауыржантанушы ғалымдардың өзі айғақтап жатыр.

«Жастар – біздің болашағымыз, олар біздің – ұрпағымыз. Жастарға айтарым – біздің әруағымызды ұялтпастан, ұлы Отанымыздың қадірін, намысын мақтаныш ететіндей азамат болып өсіңдер»! – деген Бауыржан атамыздың жігерлі сөзі иісі қазаққа тиесілі деп білеміз.

Гүлімжан МҰХАМЕДЖАНҚЫЗЫ,

Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебі, әдіскер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *