ҚАЛАМГЕР. ҚАЙРАТКЕР. АРДАГЕР

Тұлға Әдебиет
418 Views

Мен Нағашыбекті сонау бала кезінен білемін, бәріміз бір сыныпта оқыдық. Жарысып аудандық газетке мақала жазатынбыз. Қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берген ұстаздарымыз да керемет білімдар болды. Бір сыныптан ғана Нағашыбек Қапалбекұлы, Жұмабай Шаштайұлы, Молдахан Мұқатаев, Рафат Әбдіғұлов, Баян Нұрғалиева және өзім бар, алты қаламгер шықтық.

Нағашыбекті кейін «біздің Нақаң» деп атап кеттік. Ол мектеп бітіре салысымен Отан Шалғынбаев, Әлібек Ахметов үшеуі бірден Армия қатарына алынды. Сонау Қиыр Шығыста – Приморье өлкесінде екі жыл әскери борышынөтеп келді. Ол жақта Даманск оқиғасына қатысып қайтты.

Нақаң жастық шақтағы он бес жылын аудандық газеттеқызметте өткізді. Қазіргі «Атамекен» ол кездегі «Екпінді еңбек» газетіне корректор болып қабылданып, әдеби қызметкер, жауапты хатшы, редактордыңорынбасары секілді баспалдақтардан өтіп, жеті жылдай осы газетті басқарды.Газет таралымы өсті, жас таланттар тәрбиеледі. Нүсіп Әбдірахым, ТалғатСүйінбаев, Рәтбек Терлікбаев, Манарбек Ізбасаров, Есенқұл Жақыпбеков және басқада оның шәкірттері кейін үлкен қаламгер, ақын-жазушылар болып елге танылды.

Нақаң жасынан аңыз, шежіре айтатын көнекөз қариялармен көп әңгімелесіп, өткен тарихымыз жайлы естіген-білгенін жазып алып жүретін.

Әсіресе ұлы Жамбыл атамыз жайлы ерекше ізденіп, ғұмырбойы зерттеп, зерделеп келеді. Жамбылдың жанында жүрген шәкірті, біздің аудандатұңғыш ревкомы болған Мақыш Райымбекұлы жайлы «Мақыш балуан» атты повестьжазды. Кейін «Бала Жамбыл» атты повесі кітап болып шықты. Қаншама зерттеу, мақалалары жарық көрді. Ал халықаралық Жамбыл қорының төрағасы болып ұлы ақынның 150 жылдық мерекесін ұйымшылдықпен өткізуге белсене қатысқанын жұрттыңбәрі біледі. Сол кездегі Алматы облысы әкімі Серік Үмбетовтың басшылығыменөткен Жамбыл бабамыздың бұл мерейтойына Көкбастау алқабында 1500 киіз үйтігіліп, ұлан-асыр бәйге өткізілді, кітаптар шығарылды, көптеген игі шаралар ұйымдастырылды. Ал 175 жылдығына орай Жамбыл мұрасы жайлы Нақаң 40 томқұрастырып, кітап етіп шығарды.

Республикалық кітап музейінде директор болып істегенжылдары ол өте өнімді еңбек етті. Өйткені түрлі ескі кітап, қолжазба, құжат, мұралардың бәрі осында сақталғандықтан ол теңізге жүзген қайықтай сол қазынабайлықты екшеп, зерттеп жаңа қырынан танылды. Қаншама ұмытыла бастаған тұлғаларжайлы кесек-кесек шығармалар жаза бастады. Атап айтар болсақ, Қарасай,шапырашты Наурызбай, Өтеген, Райымбек, Ақ тулы сіргелі Жабай батыр, Сұраншы, Саурық, Сыпатай, Бекболат секілді дулығалы батырлар, Сүйінбай, Жамбыл, Кенен,Үмбетәлі, Өтеп, Өмірзақ, Әбдіғали, Есдәулет, Саяділ сияқты дуалы ауызды ақындарФараби мен Абай, Төле би, Балуан Шолақ, Сарыбай би, Тезек төре, Андас датқа,Медеу Пұсырманұлы, Құртқа тәуіп, Түктібай бақсы, Сәт болыс, Қырбай сал тағы басқа тарихи тұлғалар жайлы жазып, олар жайлы іс-шаралар ұйымдастырды.

Үмбетәлі Кәрібаевтың алғаш бір томдығын, кейін екітомдығын құрастырып шығарды. «Сыпатай батыр», «Ақ тулы сіргелі Жабай батыр», «Сарыбай би», «Молдабай ақын», «Кәше батыр», «Оспанханнан қалған сөз» және басқа да жинақтар құрастырды.

Ал, 1916 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның мәдениеттерді жақындастыру орталығының бас ғылыми қызметкері болып істеп жүріп әдеби, мәдениет, ғылыми саласында көптеген конференция, форум, симпозиумдерде баяндамалар жасап, сан түрлі игі шаралар ұйымдастыруға белсене қатысып жүрді.

Н.Қапалбекұлы – бүгінде қазақтың үлкен қабырғалыжазушысы. Алғашқы туындыларының бірі «Таудан түскен тұман» повесін жұрт іздеп жүріп оқитын шығарма болды. Нақаң сол биіктен ешбір түскен жоқ, қайта тынысыашылған тұлпардай көркем жазылған адамның жандүниесіне ғажап әсер ететін жақсышығармаларын жиі ұсынып келеді.

Әсіресе, ашаршылыққа қарсы шығып репрессияға ұшыраған Омарбек Жантаев жайлы «Кек» атты романы шоқтығы биік кесек шығарма. Сондай-ақ, «Жерошақтың түтіні», «Өрік ерте гүлдеген жыл», «Жер жүрегі», «Көз» атты повестері бірінен кейін бірі жарияланып, оқырмандарынан жақсы бағаларын алып жүр.

Нақаң – бірегей қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанрышеберлерінің бірі. Қысқа да нұсқа бірақ айтар ой, ғибраты бөлек әр әңгімесіөзгеше ой салады. Қазірге дейін жазған елуге жуық әңгімелері – әдебиетімізге қосылған үлкен олжа.

Тек өткен жылдың өзінде ғана Сейдахмет Бердіқұлов сынды журналист-жазушымыз жөнінде «Тұйғын талант» сондай-ақ, «Жауғаш батыр», «Андасдатқа», «Әуез Атамқұл батыр» атты жинақтар әзірледі.

Ең үлкен еңбегі – қазақтың қайталанбас ақтаңгер ақыны –Сүйінбай Аронұлы мұрасы жайлы 10 том жинақ құрастырды. Бұл 10 томдықты әл-Фараби атындағы қазақтың ұлттық университеті кітап етіп шығарып бергеліотыр.

Нақаңмен шығармашылық жоспары жайлы сұраған едік:

– «Күн бетінде секпіл бар» атты роман, «Сакура гүлдегенде» атты повесімді жазып біттім. Осылардың жанына жаңадан жазылған әңгімелерімді қосып, кітап етіп шығарсам деп отырмын, – деп алдағы ойын айтыпберді.

Кемеліне келген жазушы, елім дегенде жүрегін жұлып беругебар қажырлы қайраткер Н.Қапалбекұлының қолынан ешуақ қаламы түскен емес. Ол үнемі ізденіс үстінде, ақ қағазға жүрегіне түйгендерін түсіруден ләззат алғанүлкен қаламгер.

Салт-дәстүріміз жайлы арнайы кітап шығарған, шежіреші, тарихшы оның көл-көсір білімдарлығына еріксіз сүйсінесің.

Ал, толайым еңбегі үшін алған абырой-атақтарын түгел жазумүмкін емес. Негізгілерін ғана айтсақ: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрмет орденімен және мемлекеттік оннан астам медальдарымен марапатталған.Сондай-ақ Ресейдің, Біріккен Ұлттар Ұйымының да ордендерін алған.

Чувашияның әдебиет жөніндегі 2019 жылғы мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Алматы облысы және бірнеше аудандардың құрметті азаматы. Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық академиясы және бірнеше академияларының академигі.

Жүргенов атындағы өнер академиясы, Қонаев атындағы заң гуманитарлық унивеситетінің, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің, Статистика және экономика академияларының профессоры.

Қазірге дейін 58 кітабы жарық көрді. Сондай-ақ оның кітаптары Түркия, Ресей, Қытай, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстанда аударылыпбасылды.

Ізденгенінен із қалады. Замандас құрдасым, сыныптасымНағашыбек Қапалбекұлы жайлы айтылар әңгіме көп. Соның бір парасын іріктеп, оқырмандарымызға ұсынуды жөн көрдім.

Күмісжан БАЙЖАНОВА,

Алматы облысының Құрметті азаматы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *