ЕҰУ ӘЛЕУМЕТТАНУШЫЛАРЫ БИЗНЕС ҮШІН ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗЕДІ

Білім Қоғам
86 Views

Бизнес өкілдері әлеуметтік зерттеулер жүргізуге және жоғары білікті кадрларды даярлауға қызығушылық танытуда. Халықаралық RIXOS желісінің бастамасымен Астанада Л.Гумилев атындағы ЕҰУ «Әлеуметтану» кафедрасының филиалы ашылды.

«Rixos President Astana» қонақ үйінде ЕҰУкафедрасының екінші филиалы ашылды. Онда Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтанушылары бизнес үшін зерттеулер жүргізеді, бірлескен ғылыми жобаларжасайды, сондай-ақ білім алушыларға тәжірибелік және теориялық дәрістер өткізіледі.

«Бизнестің білім мен ғылымға деген қызығушылығы артыпкеледі. Серіктестеріміздің бастамасымен ұйымдастырылған кафедра филиалының ашылуыосыны дәлелдейді. Бірнеше жыл бұрын «Rixos President Astana» қонақ үйіндеуниверситетіміздің «Туризм» кафедрасы филиалы іске қосылды. Бүгінгі таңдакөптеген студенттеріміз «Rixos» қонақ үйлерінде тәжірибеден өтуде, ал үздіктүлектер қонақ үй бизнесінде басшылық қызмет атқарады. Осылайша біз жұмыс берушілермен тығыз ынтымақтастық орнатамыз. Бүгінгі таңда еліміздіңтүкпір-түкпіріндегі өндірістік орталықтарда ЕҰУ кафедраларының 74 филиалы жұмысістейді», деді Л.Н.Гумилев атындағыЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов.

ЕҰУ кафедрасы филиалының ашылу салтанатына университет пен қонақ үй өкілдері, жас ғалымдар, оқытушылар мен студенттер қатысты. Өз кезегінде «Rixos President Astana» бас менеджері Тансель Терджан қонақжайлылық индустриясын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

«Қонақжайлылық индустриясы адам ресурстарымен қамтамасыз етілуі керек. Қазір «human to human» қызметібүкіл әлемде маңызды. Мен осы саладағы бірнеше мәселені анықтадым. Сондықтанбіз ЕҰУ-мен ынтымақтастықты 2017 жылы бастадық. Осы уақыт ішінде біздің серіктестігіміз нығая түсті. «Rixos» қонақ үйлер желісінде ЕҰУ студенттері өздерін еркін, өз университетінде жүргендей сезінеді. Біз өзара тиімді ынтымақтастық орнаттық және ортақ мақсат – ел экономикасы үшін кәсіби кадрлардыдаярлау», – деді ол.

Әлеуметтік ғылымдар факультетінің докторанты Жұлдыз Кәрім кафедра филиалы докторанттардың академиялық дағдыларын шыңдауға көмектесетін және ғылыми өсу үшін жаңа мүмкіндіктер беретін алаңға айналатынын атап өтті.

«Кафедрамыздың тағы бір филиалы ашылып, докторанттардың білімін, кәсіби және академиялық біліктілігін арттыруға мүмкіндік артты. Бұлбастама шетелдік әріптестерімізбен және ғылыми-зерттеу кеңістігіміз бен ынтымақтастықты арттыруға көмектеседі», – дейді жас ғалым.

Айта кетейік, ЕҰУ-дың Әлеуметтік ғылымдар факультетінде екі мыңнан астам студент білім алуда.

ЕҰУ-нің ақпараттық орталығы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *