ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ

Қоғам Құқық
100 Views

Қазақстан қоғамында қазіргі уақытта болып жатқан құқықтық реформаларды іске асыруда жеке сот орындаушылардың қызметі өз нәтижесін беруде. Бүгінгі таңда жеке сот орындаушыларының жұмысы өзінің тиімділігін көрсетіпотырғанын айта кету керек

Жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңдытұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

Жеке сот орындаушыларының ерекше құзыретіне жеке және заңды тұлғалардың пайдасына өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттарды орындау жатады.

Қазіргі таңда жеке соторындаушысы қызметіндегі тұлға жоғары заңгерлік білімі бар, жеке соторындаушысында үздіксіз тағылымдамадан өтеді. Жеке сот орындаушы ҚР Азаматтықкодексін, ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексін, ҚР Қылмыстық кодексін, Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының Кодексін және «Атқарушылық ісжүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңын жете біліп,аталмыш құжаттар аясында жұмыс жасайды.

Бүгінгі күні сот актілерін орындауда жеке сот орындаушылар Республикалық палатасының мүшелігіне кіретін жеке сот орындаушылары жүзеге асырады. Олардың құзыретіне өндіріп алу сомасы мың айлықесептік көрсеткіштен асатын мемлекеттен және мемлекет пайдасына өндіріп алутуралы құжаттарды қоспағанда, барлық атқарушылық құжаттарды орындау кіреді. Жекесот орындаушыларының қызметін бақылауды Әділет министрлігі, аумақтық әділет органдары, жеке сот орындаушыларының республикалық палатасы және оныңфилиалдары жүзеге асырады.

Жеке сот орындаушылары заңға бағынады, заңның аясындағана сот шешімдерін жүзеге асырып отырады. Мысалы, алимент және төленбеген жалақыны өндіру алу секілді мәселелер орындалған жағдайда ғана сыйақы төленеді.Жеке сот орындаушылары да көп жағдайда заңның орындалуы үшін борышкерденмүліктің немесе қарыздың қайтарылуын талап етеді.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық іс-әрекеттерді өтеулі негізде жүргізеді. Жеке сот орындаушысы жасаған атқарушылық іс-әрекеттерге ақы төлеу осы Заңда белгіленген мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке сот орындаушысы атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия негізінде заңды тұлға атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы.

Нұрдәулет Маратұлы МАМАДИЯРОВ,

Түркістан облысының өңірлік палатасының жеке сот орындаушысы

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *