Мүмкіндігі шектеулі жандардың тіршілікке бейімдеу, олардыңеш кедергісіз өмір сүруіне жағдай жасау мәселесі – еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі. Өкінішке қарай мүгедектердің қарым-қабілетімен ой-өрісінекүмәнмен қарау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін әр кез талқылау, еңбеккежарамдылығын жоққа шығару сынды таяз түсініктерге жиі куә боламыз. Тіпті, жарымжан жандармен өзара қарым-қатынас орнату, ортақ ой алмасу, тілек пікіріне құлақ асу,бірлесе іс қылу мүмкін емес деп ойлайтындар бар.
Кейде туабітті, не жүре пайда болған ауру нәтижесінде қимыл-қозғалысы не ебедейсіз, не икемсіз болса да, ақыл ойы толық, есте сақтау қабілеті зор, тыным-түсінігі мол мүгедектер бар екенін естен шығарып аламыз. Рас олардың арасында сана-сезімі бұлыңғыр, ойлау-сезу қабілеті бұзылған, сырт дүние бейне-ақпарын қабылдауы кем жандар да кездеседі. Дей тұрғанмен білікті мамандардың көмегімен мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтендіріп, тұрмысқа бейімдей алсақ, олар да толық қанды өмір сүре алады.
Мүгедектерге қамқорлық таныту, оларға көмек қолын созу ең алдымен қоғамдық ортада кездесетін кедергілер мен шектеулерді жоюдан басталады. Алайда, жауыр тақырып төңірегінде ой-пікірлер таласы ұсыныс-түйіндер легі толастаған емес. Есесіне әлі күнге дейін ауыз толтырып айтарлықтай істер атқарылмай келеді. Мәселен қарапайым қоғамдық көліктер, жаяу жүргіншілер жолағы, аяқ жолдар, тұрғын үйлер мен түрлі ғимараттардың мүгедектерге оңтайлы дүниелермен, құрал-жабдықтармен жабдықталмауы, түйіні тарқамаған проблема екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл орайда «кәрі құрлық» елдерінен де мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ-тан алар үлгі көп. Мәселен АҚШ халқының 19 пайызын мүмкіндігі шектеулі жандар құрайды. Қызметке орналасу, қоғамдық көлік және байланыс қызметін пайдалану, қоғамдық немесе коммерциялық мекемелерге қатынау барысында мүгедектер құқығы қатаң қорғалады. Елдегі қолданыстағы заңнамаға сәйкес автобустар мен таксилер қоларбаларға ыңғайлы арнайы көтергіш құралдармен жабдықталған метро станциялары толықтай жарықтандырылып сауда-саттық және көңіл көтеру орталықтары арнайы жеделсаты, мейманханалар мен дәмханалар мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дәретханалармен жасақталады. Тұрғын үйлерде, коммерциялық және әлеуметтік нысандарда мемлекет меншігіндегі мекеме ғимараттарында талап ережеге сәйкес пандустар орнатылған. Банкоматтарда зағип және мылқау жандарға арнайы аудио және бейнеақпар беру қызметі қарастырылған. Сондай-ақ қоғамдық тыңдаулар мен кездесулер сурдоаудармашылар атсалысуы міндеттеледі. Ал, Еуропада мүгедек балалар құқығын қорғау толыққанды отбасында өмір сүруін қамтамасыз ету мәселесі ерекше назарға алынған. Швецияда ақыл-ой кемістігіне душар болған, не тірек қимыл жүйесінде ақауы бар балалар «әлеуметтік отбасы» қамқорлығына алынады. Қаржылай қолдауға ие әлеуметтік отбасы мүгедек балаға жан-жақты тәрбие беру, сапалы білім нәрін сіңіру, отбасы қадыр қасиетін ұғындыру жұмыстарымен айналысады. Мұндай әлеуметтік отбасылар әркез мемлекет көмегіне жүгіне алады. Мұндай мысалдар әрине жетіп артылады,
Біздің елде де мүгедек балдарды қоғамдықортада кедергісіз іс-әрекет етуге, еркін ойлауға бейімдейтін орталықтар бар. Мүгедек балалардың ішінде қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауы, өзгелермен тіл табысуыбіршама қиындық тудыратын топ — аутизм сынды күрделі дертке душар болғанбүлдіршіндер. Аутизммен ауыратын балдарға ерекше күтім, индивидуалдықарым-қатынас, төзіммен сабыр қажет-ақ. Ақыл-есі мен ой санасында ауытқуы бармұндай балалар әркез ата-ана мен қоршаған орта қолдауына зәру. Себебі аутистбала өздігінен әрекет етуге, тіл қатуға, тысқары дүниемен байланыс орнатуға бейімсіз келеді. Ауыр дертке душар болған балдырғандар ата-ана жетегінсіз жеке-дараәрекет ете алмайды. Тамақтану, гигиена ережелерін сақтау, шомылу, киіну, жүріп-тұруүздіксіз баса назар аударуды қажет етеді. Қазақстанда аутист балаларымен тығызжұмыс істейтін мамандар тапшы. Себебі, мінез-құлқы құбылмалы, ашу-ызаға бейім, тілімүкіс бала психологиясын зерттеу әрі оның ақыл-ойын жетілдіру бағытында жұмысістеу кез келген маманның қолынан келе бермейді. Бұл жерде халықаралық зерттеумен тәжірибеге негізделген, терең ізденіс пен нақты нәтиже тоғыстырылған кемел білім, жоғары білік қажет.
Қазақстанда аутизмге баса мән беріліп, оның белгілері мен себеп-салдарына зерттеу жүргізу жобамен бес не алты жылға жуық уақыт бұрын бастау алған екен. Бұған дейін отандық ғалымдар бұл дерттің түп-төркініне терең бойлай алмаған. Сондықтан болар, аутист балалардың жан-дүниесі мен ішкі әлемін, ойлау сезу қабілетін зерделеу енді ғана қолға алынып келеді. Аутизм ауруын дер кезінде анықтау, өмірге бейімдеу әрі денсаулығын оңалту үрдісін тез арада бастау, психолог кеңесі әрі нұсқауы шеңберінде әрекет ету – ата-ананың ең басты міндеті.
Ақтау қаласындағы «Ерекше әлем» бейімдеу және әлеуметтендіру орталығы биылдан бастап аутист балаларды қоғамға бейімдеуді қолға алды. Психолог-маман әрі аталған орталық директоры Айжан Карипова ақыл есінде ауытқуы бар бүлдіршіндермен қарым-қатынас орнату сатылы іске асатындығын әрі табандылық пен төзімділікті талап ететіндігін айтады.
«Аутизм сындытуабітті дертке душар болған балаларды белгілі бір мерзім аясында ғана емдеумүмкін емес. Аутист балаларды өмірге бейімдеу бір ғұмыр бойы жалғасын табатынүрдіс. Біздің орталықта өтетін дәрістердің 66 пайызы нейроспортқа бағытталған.Яғни сырқат баланың жүйке жүйесімен кері байланыс орнату арқылы іс-жаттығулар жасату, жаңа ақпарат беру, білімін үстеу, белгілі бір тәртіп не дағдықалыптастыру көзделген. Аутизммен ауыратын балалар тәртіпке бағынбайды. Уақытөте, жүйелі нейрожаттығулар нәтижесінде ғана баланың сана-түйсігінде дағды ментәртіп түсінігі пайда болады. Сондай-ақ, біздің орталықта академиялық білімберу қарастырылған. Аутизм балаларды тамақтандырудың өзі ата-ана үшін үлкенпроблема. Белгілі бір тағам түрлерін ғана жейтін бүлдіршіндер кездеседі. Солсебепті ұстаз бен науқас бала арасында тығыз психологиялық байланыс орнауықажет. Бейімдеу дәрістерінің аутист баланың психологиясы мен мінез-құлқына оңәсері күні бүгінге дейін дәлелденді. Оған біздің орталық тәлімгерлері жеткен түрлі жетістіктер негіз бола алады. Жуық арада шетелдік мамандармен бірлеселогокабинет ашуды жоспарлап отырмыз» дейді «Ерекше әлем» бейімдеу орталығыныңдиректоры.
Жуырда ғана«Билайн» компаниясының «Шексіз мүмкіндіктер» әлеуметтік жобасы аясындаорталықта арнайы сенсорлы кабинет ашылып, толықтай ғаламтор желісіменжабдықталды. Бүгінгі таңда орталықта аутизм дертіне душар болған 30 бүлдіршінтәлім алады. Аутизм дертіне шалдыққан балалар саны жыл санап көбейіп келеді.Нақты диагнозы қойылмай, ем-домсыз қалған бүлдіршіндер де жетіп артылады.Әрине, бұл жерде ата-ананың селқос көзқарасы, бала денсаулығы жөніндебілімсіздік, тәрбие ісіндегі олқылықтар үлкен рөл ойнайды. Күрделі дертбелгілері анықталған бойда білікті мамандармен бірлесе әрекет ету баланыңақыл-ойын, қарым-қабілеті мен мүмкіндіктерін дамытуға негіз болады. Ауру баланықоғамнан тасада ұстау, ол жайлы жария етуден гөрі жасырын қалдыру дерттің дендеуіне әкеп соқтырары белгілі жайт. Сол себепті, өзгелерден ойлау қабілетіерек, десек те, мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қоғамның толыққанды тұлғасыретінде қабылдау қажет. Әрине, күрделі кеселден айығуға қолдау көрсетуде,«кедергісіз келешек» арқылы қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруда атқарыларістер әлі де көп. Ең бастысы, мүгедек бүлдіршін мұңаймасын, ойдағы ізгіарман-тілектері орындалсын демекпіз.
Жансая ТАЖИБЕКОВА,
«Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті» Республикалық мемлекеттік мекемесінің №5 бөлім бас маманы