«ТҮРКСОЙ» ПРЕЗИДЕНТІ СҰЛТАН РАЕВ «ХАЛЫҚТЫҢ СҮЙІКТІСІ–2025» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Қоғам
75 Views


Астанада «Халықтың сүйіктісі» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болып өтті. Биыл қазақстандықтар өз сүйіктілерін осымен 13-ші рет таңдады. Ұлттық сыйлық 10 номинация бойынша табысталды. Биыл жаңадан 2 номинация қосылды. Ол – «Үздік ғалым» және «Үздік пара спортшы». Дауыс беру екі кезеңнен тұрды, бірінші кезеңде Facebook желісі арқылы, екінші кезеңде «Халықтың сүйіктісі» сыйлығының ресми сайты арқылы жүзеге асырылды, онда 350 мыңнан астам адам дауыс берген.

Салтанатты іс-шараға министрлер, депутаттар, қоғам қайраткерлері мен әртүрлі салада елімізде танымал тұлғалар қатысты. Үздік атанғандардың арасында өзінің таңғажайып дауысымен әлемді тамсандырған Димаш Құдайберген де бар.

Ал «Түркі мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша әлемге танымал қоғам қайраткері, мұқым түркі әлеміне әйгілі жазушы, ТҮРКСОЙ Түркі мәдениетін және өнерін дамыту халықаралық ұйымының президенті Сұлтан Раев жеңімпаз атанды.
Сұлтан Әкімұлы түркі тектес елдердің мәдениеті мен әдебиетін, ұлттық құндылықтарды насихаттауда талмай еңбек етіп жүрген қайраткер тұлға. Ол әдебиет, мәдениет, театр, кино және басқа руханият саласының түркі елдерінде кеңінен дамуына зор үлес қосып, исі түркітектес елдердің арасында тығыз байланыс орнатуға зор үлес қосқан ерекше талант иесі. Осы мақсатта ірі ғылыми, әдеби, медиа жобалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етті.

Мұратбек ТОҚТАҒАЗИН,
Халықаралық Ақпараттандыру академиясының академигі,
ҚР Бас редакторлар клубының бірінші вице-президенті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *