ҚОР ҚҰРЫЛДЫ

Қоғам
1 032 Views

Шымкенттегі Абай атындағы орталық кітапханада жаңадан құрылған «Оңтүстік демократия» қоғамдық қорының құрылтай жиыны өтті. Оны қысқаша кіріспе сөзбен ашқан осы қоғамдық қордың президенті Шаруа Пірмат:

– Биылғы жылдың маусым айында Шымкент қаласында тіркелген “Оңтүстік демократия” қоғамдық қоры демократия институттары мен демократия құндылықтарын, мәдениетін дамыту, қайырымдылық, әлеуметтік мәні бар жобаларды іске асыру, Қазақстан халқының саналы ғұмыр кешіп, салауатты өмір салтын қалыптастыруына үлес қосу мақсатын алға қояды. Сол үшін Қазақстан Республикасының әрбір азаматының толыққанды дамуын, яғни әлеуметтік, экономикалық, саяси, мәдени, тағы басқа жағдайларын жақсарту, олардың интеллектуалдық және физикалық деңгейін көтеру бағытында нақты жұмыстар атқару қажет деп есептейді. Елбасының ел экономикасын дамыту, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, білім беру және денсаулық сақтау мекемелерінің жұмыс сапасын көтеру, демократия үрдістерін дамыту мен жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, тағы басқа да бағдарламаларына қолдау көрсету – бүгінгі күнде аса маңызды мәселеге айналған. Осы орайда “Оңтүстік демократия” қоғамдық қоры алға қойған мақсат-мұратын жүзеге асыруда барлық демократиялық күштер мен халықтың әрбір прогрессивті субъектісімен қоян-қолтық жұмыс істеуді көздейді, – деді.

Басқосу барысында қоғамдық қордың вице-президенті Жарқынбек Сейтімбет, сонымен қатар Несіпжан Әмірова, Тілеулес Дүйсенұлы, Жақсылық Жайлауов, Ерғали Үкібаев, Данияр Құлтаев, Төлебай Қараменов сөз сөйлеп, өздерінің ой-пікірін ортаға салды. Аталмыш қордың басқарма мүшелері мен тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Олар жыл соңына дейін Алаш арыстарына арнап ас беру мен Желтоқсан құрбандарына тағзым ету тәрізді ізгілікті де игілікті іс-шараларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Жиын соңында кез келген ауқымды шараны жүзеге асыру үшін ынта-ықыластан бөлек қаржылық ресурстың қажеттігін түсіндіре келген қоғамдық қордың басшысы (байланыс телефоны: 87074429799) демократиялық үрдістерді қолдайтын барлық іскер азаматтарды өздеріне қолдау көрсетуге шақырды. Қоғамдық қордың есепшоты “Цеснабанктің” Оңтүстік Қазақстан филиалында ашылған.

РЕКВИЗИТІ:

Ағымдағы шот:

К2 43998SТВ0000445387KZТ

Банк БИК / SWIFT соdе ТSЕSКZКА

КБе 18

Қордың мекен-жайы:

160004, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ-сы,

Маяковский к-сі, №16 үй.

БСН/ 180940003943

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *