ШЫМКЕНТТЕГІ АТЫСТЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР?!

Қоғам
24 Views


Биылғы 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30-дар шамасында егемен еліміздің Үшінші мегаполисінде оқыс оқиға орын алды. Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында қала әкімінің орынбасары лауазымдық қызметіне келгеніне небәрі екі айғана болған қырық жастағы Руслан Арысбекұлы Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оған бағытталып «Сайга-12» маркалы мылтықпен үш рет оқ атылған. Оның екеуі жәбірленушінің оң жамбасы мен иығына тиген. Жедел түрде ауруханаға жеткізілгенРусланға ота жасалған. Дәрігерлердің мәлімдеуінше, оның өмірлік маңыздыағзалары зақымданбаған көрінеді.

Қала әкімінің орынбасарына оқ үзген деген күдікке ілінген, қала әкімдігінеқарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде маман болыпқызмет істеген, таяуда ғана қызметінен шеттетілген отыз жасар Ернар Жиенбай оқиғаорнында құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Ернардың айтуынша, Руслан Берденовоның жұмыссыз жүрген отыз жасар әйелі Лаура Серікқызы Алданованы мазалап, орынсызәрекеттер істеген сыңайлы.

Әлеуметтік желілерде қылмыстық істің туындау себебіне байланысты расталмаған сан түрлі нұсқалар таралуда. Бір нұсқа бойынша Руслан Берденов ұсталған адамның әйеліне қырындаған делінеді. Бірақ Шымкент қаласының әкімдігі бұл нұсқаны жоққа шығаруда. Енді біреулер бұған жеке бас араздығы себеп болған дейді.

Бүгінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Арысбекұлы Берденовке жасалған қарулы шабуылға қатысты жаңа деректер мен күдіктінің кім екені жайлы тың мәліметтер шығып отыр. Прокуратурадағы дереккөздердің мәліметіне қарағанда Ернар Жиенбай мен Руслан Берденовтің арасындағы жанжал жақында өткен жиыннан кейін ушыққан көрінеді.

Қалалық әкімдікке қарасты «Тұрғын үй құрылыс» компаниясының директорықатысқан жиында Руслан Берденов күдіктіге ескерту жасап, оны залдан шығарыпжіберген. Осыдан кейін әкімнің орынбасары «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігішектеулі серіктестігінің қызметін тексеруді тапсырып, Ернар Жиенбайды қызметінен босату туралы шешім қабылдаған. Тергеу нұсқасы бойынша шабуылдыңбасты себебі – осы оқиғалар болуы мүмкін.

Ернар Жиенбай бес рет оқ атқан. Мәліметтерге қарасақ, оның мақсаты – шенеунікті өлтіру болған. Күдіктіден он оқ-дәрі табылған. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, шабуылды Руслан Берденовтің жүргізушісі тоқтатқан. Ол көлікпен күдіктіні қағып өткен.

Бастапқыда Руслан Берденов оққа ұшты деген мәлімет пайда болғанда көптеген ақпарат көздерінде күдікті туралы, оның бұрын қарамағында жұмыс істегені жайлы жазылған болатын. Бұған дейін тараған полиция мәліметінде шабуыл жасауына «зайыбына тиіскені» себеп болды деген нұсқа да айтылған.

Шымкент қаласы әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Әйгерім Жұмағұлова әлеуметтік желіде тараған күдіктінің әйелі Лаура Серікқызы Алдановамен Руслан Арысбекұлы Берденов арасындағы жақын қарым-қатынасқа қатысты нұсқаларғажауап берді:

– Жаңа ғана полиция департаментінде күдіктінің зайыбымен сөйлестім. Әйел адам куәлік беру үшін келген. Оның айтуынша, ол Руслан Арысбекұлы Берденовті мүлде танымайды, ешқашан сөйлесіп те көрмеген», – деп жазады Әйгерім Жұмағұлова.

Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтің айтуынша, оқиғаШымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар Руслан Берденовке оқиға болар күні қоқан-лоққыкөрсетілген.

– Менің ойымша, бұл шабуыл құрылыс саласында тәртіп орнатуға қатысты. Бұны букмекерлік кеңселермен байланыстыру қисынсыз көрінеді. Бүгін ғана осы тақырыпта жиналыс өтті. Маған Руслан Берденовке бұған дейін қоқан-лоққы жасалғаны жайлы ақпарат жетті», – деп жазады Бейбіт Әлібеков.

Сонымен қатар түрлі ақпарат көздеріне сүйенсек, ол «Сайга-12» деген аңшымылтығымен бес рет оқ атқан. Күдікті – 1994 жылы туған Ернар Жиенбай. Ол Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулісеріктестігінде маман болып жұмыс істеген.

Бейбіт Әлібековтің жазуынша, Ернар Жиенбай бұрын Руслан Берденовтің тікелей қарамағында жұмыс істеген.

– Қолда бар ақпаратқа сүйенсек, оқ атқан адам әкімдікке қарасты серіктестіктің басшысы болған. Жуырда ғана қызметінен босатылған», – деп жазадыБейбіт Әлібеков.

Күдіктінің бұрынғы сыныптастары мен таныстарының айтуынша, ол Шымкент қаласындағы №50 мектепте оқыған, бірақ мұнда тек 11-сыныпта ғана келген. Отбасының құқық қорғау органдарында таныстары бар деген дерек кезігеді. Әкесі прокуратурада қызмет істеген деген мәлімет те шығып отыр.

2024 жылы Ернар Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып тағайындалған. Бұл ұйым мемлекеттікбағдарламалар аясында көпқабатты үйлерді жөндеу жұмыстарымен айналысады.

Жаңа қызметінде ол бір жылдан аз уақыт жұмыс істеген. Қазіргі уақыттатергеу амалдары жалғасып жатыр. Күдіктінің неге шабуыл жасағаны жайлы әзіргересми түрде мәлімдеме жасалған жоқ. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол жұмысқа қатысты жаңалықтарды жиі салып отырған көрінеді.

Қазіргі уақытта қарулы шабуыл жасалуына байланысты полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Сондай-ақ, Руслан Берденов ауруханада есін жиып, сөйлеуге шамасы келгені хабарланған. Алайда, оның жағдайы әлі де ауыр, бірқалыпты деп бағаланып отыр.

Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалған. Оқыс оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалықәкімдік ғимаратының жанында болған. Шенеунік бірнеше жерінен жараланып, жеделауруханаға жеткізілген болатын.

Әрине, қарулы шабуыл жайлы мәселенің анық-қанығын құқық қорғау органдарыанықтап, заңдық тұрғыдан баға беретіні баршаға мәлім. Бұл шетін оқиғаның қоғамназарын аударуы «Талғар оқиғасындай» дүкеннің аумағында емес, Қазақстанның Үшіншіүлкен мегаполисі мәртебесіне ие Шымкент қаласы әкімдігінің алдында болғанында жатса керек. Енді мемлекеттік қызметкерлердің этикасы мен мемлекеттік органдардыңкүзет қызметі қайта қаралуы әбден мүмкін.

Не десек те – шымкенттіктерге жақсы ат, абырой әпермейтін тым ұят тірлік. Астанадағы«майлы да жайлы жұмысын» тастап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісініңдепутаты қызметімен қоштасып, туған қаламды көркейтейін, өркендетейін дегенізгі де игілікті ниетпен келген Оңтүстіктің оғыланына атылған оқтың астарында не жатқаны белгісіз. Әзірге әліптің артын бағудан басқа амал таппай отырмыз.

Бұл – Шымкентте атылған алғашқы оқ емес. Кезінде марғасқа Мардан Сапарбаевтың оққа ұшқаны халық жадынан көтеріле қойған жоқ. Өкінішке орай, оған оқ үзген күдіктінің кім екені әлі күнге дейін белгісіз күйде қалып отыр. Қазіргі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Зерттеу университетінде тапа-тал түсте оқытушы әйелге де оқ үзілгенінен де хабарымыз бар. Қайткен күнде де қазіргідей қымбатшылық қысқан қиын-қыстау кезеңде, аумалы-төкпелі алмағайып заманда бір-бірімізге деген мейірбандығымыз бен қамқорлық, қайырымдылық қасиетімізді жоғалтпағанымызға не жетсін, ағайын!

Ә.ҚАҢТАРБЕК.

Шымкент қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *