2025 жылғы 26-27 шілде күндері Абай облысы, Аягөз ауданына қарасты Тарбағатай ауылы өзінің 100 жылдық мерейтойын атап өтті.
Салтанатты жиынға Абай облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Жарқын Жұмаділов қатысып, Абай облысының әкімі Берік Уәлидің құттықтау хатын оқып берді.

«Тарбағатай – тарихы терең, тағылымы мол, талай тарлан тұлғаны түлеткен киелі мекен. Бұл ауыл – сан салада елге еңбегі сіңген азаматтарды тәрбиелеп өсірген алтын бесік. Туған жерге деген перзенттік сүйіспеншіліктеріңіз бен ұрпақ тәрбиесіндегі ұлағатты істеріңіз – күллі облыс жұртшылығына үлгі. Ауылдың әр кезеңдегі өрлеуі – ел бірлігі мен ынтымағының айғағы. Семей өңірі, соның ішінде Аягөз ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына айрықша үлес қосқан Тарбағатай жұртына шынайы алғысымды білдіремін. Бұл – бәрімізге ортақ қуаныш. Алдағы уақытта ауылдың әлеуеті артып, ұрпағы өсіп-өркендеп, өңіріміздің дамуына үлес қоса беретініне сенімдімін», – делінген құттықтау хатта.
Мерейтой аясында ауыл тарихын кезең-кезеңімен қамтыған тарихи шеру, мазмұнды концерттік бағдарлама, сондай-ақ ауыл мен ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға облыс әкімінің алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.
Сондай-ақ, ашылу салтанатында Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газетінің бас редакторы, профессор Мұратбек Тоқтағазин сөз сөйлеп, ҚР Бас редакторлар клубының президенті, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бибігүл Жексенбайдың, Республикалық «Әділет. Рухани жаңғыру» газеті ұжымының құттықтау хаттарын жиналған қалың қауымға жеткізді. Сондай-ақ ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың құттықтау жылы лебізін белгілі айтыскер ақын, ЕҰУ-нің филология факультетінің деканы Серікзат Дүйсенғазы оқып берді.
Мерейтойдың күндізгі бөлімінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мырзахан Сыдықов, Тұржұма Тынышбаев, Кәсіпжамал Қожағалиева, Түсіпбек пен Алмагүл, Бауыржан Керімбаев, Кенже Рахимов, Мақсат Өзібаев, Өмір Салықов, Бақтыбек Тоқтағазин сынды өнер тарландары ән-жырдан шашу шашты.
Той ауқымы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мұратбек Тоқтағазин ұйымдастырған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциямен, ұлттық спорт түрлерінен жарыстармен (бәйге, қазақ күресі) және ауылдан шыққан өнерпаздардың гала-концертімен жалғасты.
Кешкі гала концертте Қанат Жүнісов, Елдос Жақсылықов, Шалқар Құсыманұлы, Еркін Тоқсейітов, Жұмабек Жұмақанов, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Саят Нұрғазин, Нариман Қажымұратұлы, Айбала мен Кенесары, Ақжан мен Әнуарбек, Біржан Жүнісов, Әлихан Бейсек, Думан Дәулетқазин, Асыр Манатбеков, Альбина Аманбекқызы, Ақнұр Кабитова, Досхан Сұңқарұлы өнер көрсетті.
Тарбағатай ауылының 100 жылдығына орай 74, 90, 90+ келі салмақ дәрежесінде «Бағың жансын, барысым!» атты қазақ күресінен турнир өтті. Турнир барысында балуандар тартысты бәсеке өтіп, 74 келі салмақ дәрежесінде І орынды Барлықбаев Қаршыға, ІІ орынды Бейбітхан Сейфолла, ІІІ орынды Сайлаубеков Мейіржан мен Сарқытұлы Бақтияр, 90 келі салмақ дәрежесінде І орынды Беріков Мейіржан, ІІ орынды Қайролла Жалғас, ІІІ орынды Зейнелло Абзал мен Қайрат Сұлтан-Бейбарыс иеленсе 90+ келі салмақ дәрежесінде І орынды Слямшайықов Мейіржан, ІІ орынды Қайырбек Ерасыл, ІІІ орынды Қабдешов Қазбек пен Уатаев Жанат қанжығасына байлады.
Жыр байқауы қорытындысы бойынша арнайы жүлде 50 мың теңгені — Серікқали Бауыржан, ІІІ орынды Қазыбек Байжұман, ІІ орынды Ержан Жұмабекұлы, І орынды Мерей Қарт иеленді. Марапатты белгілі ақын Серікзат Дүйсенғазы табыстады.
Аударыспақ бойынша 70 келі салмақ дәрежесінде 8 адам қатысып, І орынды Букиров Серік (Тарбағатай), ІІ орынды Сайлаубеков Мағжан (Тарбағатай), ІІІ орынды Қажығалиев Дәурен (Мыңбұлақ) мен Саян Даму (Ақшәулі), 70 келі салмақ дәрежесінде 7 адам қатысып, І орынды Төлеуғалиев Дәурен (Ақши), ІІ орынды Бейсембаев Мағжан (Жарма), ІІІ орынды Жолдыбаев Мұхтар (Мыңбұлақ) мен Терлікбаев Ұлан (Сарыарқа) иеленді.
Теңге ілу бойынша І орынды Аменов Мағжан (Тарбағатай ауылы), ІІ орынды Думан Сайлаубек (Тарбағатай ауылы), ІІІ орынды Нурғазин Фархат (Тарбағатай ауылы) иеленді.
Көкпар ойыны бойынша І орынды Тарбағатай ауылы, ІІ орынды Аягөз қаласы, ІІІ орынды Қарағаш-Қаражал құрамасы иеленді.
Ат жарыстың нәтижелері келесідей:
Бәйге (тай): (жиыны — 33)
1 орын – Аттың лақап аты: Ұлар
Аттың иесі: Керейбаев Серікжан
Шабандозы: Ертіс
Аттың бапкері: Самат
Аттың келген жері: Үржар
2 орын – Аттың лақап аты: Бұлбұл
Аттың иесі: Рахатбек Мардан
Шабандозы: Арнұр
Аттың бапкері: Дархан
Аттың келген жері: Алматы, Іле ауданы
3 орын – Аттың лақап аты: Таңсұлу
Аттың иесі: Жұмабеков Дидар
Шабандозы: Дамир
Аттың бапкері: Қайсар
Аттың келген жері: Үржар
4 орын – Аттың лақап аты: Қамысқұлық
Аттың иесі: Керейбаев Серікжан
Шабандозы: Илияс
Аттың бапкері: Самат
Аттың келген жері: Үржар
5 орын – Аттың лақап аты:Домбыра Қасқа
Аттың иесі: Шохабаев Дархан
Шабандозы: Дияр
Аттың бапкері: Дархан
Аттың келген жері: Алматы, Іле ауданы
6 орын – Аттың лақап аты:Наурыз
Аттың иесі: Сағатов Қанат
Шабандозы: Саян
Аттың бапкері: Ерасыл
Аттың келген жері: Қарауыл, Абай
Бәйге (құнан): (жиыны — 28)
1 орын – Аттың лақап аты: Томирис
Аттың иесі: Айдар Батыр
Шабандозы: Саян
Аттың бапкері: Ералы
Аттың келген жері: Абай, Көкбай
2 орын – Аттың лақап аты: Ызғар
Аттың иесі: Қажықанов Газбек
Шабандозы: Бексұлтан
Аттың бапкері: Медет
Аттың келген жері: Шемонайха
3 орын – Аттың лақап аты: Оразай
Аттың иесі: Қайрат Ертөре
Шабандозы: Ералы
Аттың бапкері: Мейіржан
Аттың келген жері:Мыңбұлақ, Желдіқара
4 орын – Аттың лақап аты: Бұйрық
Аттың иесі: Самканов Кеңесбек
Шабандозы: Сұлтан
Аттың бапкері: Айдар
Аттың келген жері: Жарма, Қалбатау
5 орын – Аттың лақап аты: Боте тары
Аттың иесі: Қыздарбеков Думан
Шабандозы: Қайсар
Аттың бапкері: Ерлан
Аттың келген жері: Тарбағатай
Бәйге (Аламан): (жиыны — 42)
1 орын – Аттың лақап аты: Ханбарыс
Аттың иесі: Қажыканов Газбек
Шабандозы: Бексултан
Аттың бапкері: Медет
Аттың келген жері: Шемонайха
2 орын – Аттың лақап аты: Самал
Аттың иесі: Ықыласов Самат
Шабандозы: Аят
Аттың бапкері: Жандос
Аттың келген жері: Семей
3 орын – Аттың лақап аты: Найзағай
Аттың иесі: Садуакасов Мухтар
Шабандозы: Жандос
Аттың бапкері: Айдар
Аттың келген жері: Қалбатау
4 орын – Аттың лақап аты: Ерік жирен
Аттың иесі: Дүйсенов Асылбек
Шабандозы: Бекарыс
Аттың бапкері: Асылбек
Аттың келген жері: Белтерек
5 орын – Аттың лақап аты: Үшқоңыр
Аттың иесі: Баяхметов Құмарғали
Шабандозы: Дарын
Аттың бапкері: Мәурен
Аттың келген жері: Ақсу ауданы Егінсу
6 орын – Аттың лақап аты: Алтынай
Аттың иесі: Молдашев Ержан
Шабандозы: Естон
Аттың бапкері: Бек
Аттың келген жері: Тарбағатай
Тұтасынан алғанда «Тарбағатай» ауылының 100 жылдық мерейтойы республиканың түкпір-түкпірінен келген қонақтар мен жиналған қауым көңілінен шыққан думанды той ғана емес, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттаған ауқымды мәдени-рухани шара деңгейіне көтерілді. Бұл іргелі шараның терең мазмұнда өтуіне Аягөз аудандық әкімдігімен қатар осы ауылдан түлеп ұшқан ғылым, білім, өнер, мәдениет саласында зор беделге ие болған, еліміздің түкпір-түкпірінен келген белгілі тарбағатайлық тұлғалар, жергілікті намысқой, іскер азаматтар зор үлес қосты.
Думан КЕНЖЕҒАЗЫҰЛЫ,
Халықаралық Журналистер Одағының мүшесі