Шымкентте тағы 30 отбасы қоныс тойын тойлады

Билік
22 Views

Шымкент қаласында жалдамалы тұрғын үйді бөлу жұмыстарының кезекті кезеңі өтіп, баспана кезегінде тұрған 30 отбасы жаңа пәтер кілтін алды.

Салтанатты рәсім «Көрме» орталығында өтті. Іс-шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысып, қоныс иелерін жаңа баспанамен құттықтады. Қала басшысы кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету – әлеуметтік саясаттың басым әрі тұрақты бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Әкімдік мәліметінше, бұл бағыттағы жұмыстар тұрғын үйлердің дайындық деңгейіне және қажетті құжаттардың рәсімделуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.

Жаңа пәтерлер мүгедектігі бар азаматтарға, ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, сондай-ақ ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар санатындағы азаматтарға берілді.

Көпқабатты тұрғын үйлер Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан. Тұрғын кешендер инженерлік инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген және қоныстануға дайын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *