16 Views
Еңбекші ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Ер адам бесінші қабаттан құлап, оқиға орнында көз жұмды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, алдын ала деректер бойынша шамамен 45 жастағы азамат жалдамалы түрде балконды қаптау жұмыстарын жүргізген. Жөндеу барысында ол абайсызда тепе-теңдігін жоғалтып, төменге құлаған. Алған жарақаттары өміріне қауіпті болып, жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған.
Аталған фактіні полиция растады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тиісті тексеру жүргізілуде.
Мамандар биіктікте жүргізілетін құрылыс және жөндеу жұмыстары кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтаудың маңыздылығын ескертеді.
