Шымкентте жеке сот орындаушыларының қызметінің тиімділігі талқыланды

Заң Сот істері Қоғам
29 Views

Шымкент қаласындағы сот ғимаратында жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты дауларды қарау барысында туындайтын өзекті мәселелерге арналған семинар өтті.

Іс-шараға судьялар, Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасының филиалы өкілдері және жеке сот орындаушылары қатысты. Семинар барысында аталған санаттағы істерді қарау кезінде кездесетін проблемалық мәселелер талқыланып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының әкімшілік соттардың атқарушылық іс жүргізу заңнамасын қолдану тәжірибесін қорытуы қаралды.

Кездесу барысында сот орындаушылары тарапынан жіберілетін бұзушылықтар мен кемшіліктерге назар аударып, осы санаттағы істер бойынша сот тәжірибесінде бірізділікті сақтау қажеттігі атап өтілді.

Алқа төрағасының міндетін атқарушы Б. Насирдинов өз сөзінде мұндай іс-шаралардың құқық қолдану практикасының сапасын арттыруға, заңдылықты нығайтуға және сот тәжірибесінің біркелкілігін қамтамасыз етуге ықпал ететінін айтты.