ЖҰМЫССЫЗДЫҚПЕН КҮРЕСУГЕ БӨЛІНГЕН ҚАРЖЫ ӨТЕЛДІ

Құқық
773 Views

Шардара ауданының прокуратурасы халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықтың жағдайына жүргізген тексеру барысында жұмыссыздықпен күресуге бағытталған («Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» мен «Нәтижелі жұмыспен қамтудың жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған») қаржылардың жымқыру дерегін анықтады. Атап айтқанда, ауданның 22 тұрғыны жергілікті жұмыс берушілермен келісіп, Жұмыспен қамту орталығын алдап, 2016-2017 жылдары аралығында жастар тәжірибесін өтіп жатқаны және әлеуметтік жұмыс орнында жұмыс жасап жатқаны жайлы табельдерді ұсынып, 2 млн. теңгеге жуық қаржыны иемдеген.

Шын мәнінде бұл тұлғалар жұмыссыздарға арналған әлеуметтік қолдаумен қамтылмаған, себебі олардың өздерінің тұрақты жұмыс орындары болған. Соңғылардың әрекеттерінде қылмыс құрамы байқалғандықтан, аталған дерек прокурорлармен АЕК-на тіркеліп, процессуалдық шешім қабылдау үшін құжаттар аудандық ІІБ-не жолданды. Сотқа дейінгі тергеу барысында құқық бұзушылар өз кінәларын мойындап, келтірген залалдарын өтеген, осыған орай қылмыстық іс тараптардың татуласуына байланысты (ақталмайтын мән-жайларға байланысты) өндірістен тоқтатылған.

Түркістан облысының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *