ЖАЗАСЫН ӨТЕУШІЛЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛУДЕ

Құқық
769 Views

Шымкент қаласының прокуроры Мақсат Қожабаев Шымкент қаласы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшысы, әділет полковнигі Атэльбек Досмағамбетовпен бірге қадағалау аумағында орналасқан түзеу мекемелерінде болды. Іс-шара барысында сотталғандарға ізгілендіру заңнамасының нормалары, заңның жеке ережелерінің қолданылу негіздері түсіндірілді.

Прокуратура қызметкерлері тұрақты түрде қоғамнан оқшаулау орындарында ұстаудағы тұлғаларға құқықтық ағарту жұмыстарын жүргізуде. Нәтижесінде сотта 226 сотталғанның ізгілендіру заңының нормасын қолдану туралы өтінішхаты қаралуда. Қазіргі кезде сотпен осындай 29 өтiнiшхат қанағаттандырылған, өзгелері қаралу сатысында.

Шымкент қаласының прокуратурасы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *